Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалы ауданында электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталды

    Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

    Соның бірі – Әйтеке би кентіндегі «Аймақаш» мөлтек ауданынан жаңа тұрғын кварталдарды инфрақұрылыммен (газ, ауыз су, электрмен жабдықтау) қамтамасыз ету жұмыстары болатын. Бүгінгі күні аталған аймақта электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталып, түнгі жарықшамдар самаладай жарқырап тұр.

    Қазіргі таңда ауыз су және газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды мердігер мекеме «Жылу – ХХІ» ЖШС қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

    Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған соң, 115 жер учаскесі ашылып, халықтың игілігіне пайдалануға беріледі.

    Айта кетейік, «Жол картасы» бағдарламасының негізгі мақсаты жұмыссыздықтың алдын алып, халықты еңбекпен қамту болатын. Осыған сәйкес «Аймақаш» мөлтек ауданынан жаңа тұрғын кварталдарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарына аудандық жұмыспен қамту орталығынан 25 адам жұмыспен қамтылды.

    қатысты посттар

    Ринат Зайытов «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры болып тағайындалды

    Фариза

    Сырдария ауданында ауыл тұрғындарының өтініші орындалатын болды

    Фариза

    Сырдария ауданында 2 тұрғын үй қолданысқа беріледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.