-8.1 C
Алматы
Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қоғамдық көліктер сенбі күні де жүретін болды

    Шымкент қаласының аумағында 14 қыркүйектен бастап 28 қыркүйекке дейін карантин және шектеу шараларыұзартылды. Шымкент қаласының Бас мемлекеттіксанитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, карантиндікшектеу шараларына бірқатар өзгерістер енгізілді.

    Жаңа Қаулыдағы негізгі өзгерістер ретін атап өтсек. СПА орталықтары, әсемдік салондар, шаштараз, косметикалықжәне косметологиялық қызметтер жұмысы таңғы сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін ұзартылды. Ал қоғамдық көлікқозғалысына жұмыс күндерімен қоса сенбі күні де 07:00 ден 21:00 ге дейінгі аралықта жүруіне рұқсат берілді. Жексенбі күні қоғамдық көліктің қызметі тыйым салынған. 

    Жалпы Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталабастады. Соңғы тәуліктерде коронавирус жағдайытіркелмеген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасыбасшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан Әбішевтіңайтуынша, қазіргі таңда қала бойынша 400 төсек-орын(инфекциялық төсек – 305, провизорлық – 95) бар. Оныңішінде бос төсек-орын – 335, пайызға шаққанда бос төсек-орын 85%-ды құрайды. Ал жүктеменің төмендеуінебайланысты жұмыс істеп тұрған мобильді бригадалардыңсаны 211-ден 123-ке дейін төмендеді.

    Жалпы карантиндік шектеу шаралары эпидемиологиялықахуалға байланысты өзгеріп отырады. Қала тұрғындарымұны дұрыс түсінуі тиіс. Эпидемиологиялық ахуалдыңжақсаруына да жоспарлы карантиндік шектеу шараларыжәне дезинфекциялық жұмыстардың жүйелі атқарылуыбірден бір себеп. Дегенмен қала тұрғындары әлі де сақтықшараларын ұмытпаса дейміз. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жаңатастың жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді

    Фариза

    Шымкентте балабақшалардың жұмысы бойынша жаңа алгоритм қабылданды

    Фариза

    Қызылорда облысында 244 өкпені жасанды желдету аппараты бар

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.