7 C
Алматы
Вторник, 28 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында ветеринариялық эпизоотиялық жағдай тұрақты

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова орынбасары Бақыт Жаханов пен облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетовтың есебін тыңдады.

    Сала жауаптылары қазіргі таңда облыстағы ветеринариялық эпизоотиялық іс-шаралардың атқарылуы туралы баяндады. Сондай-ақ облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен қаралған 5544,3 мың доза ветеринариялық препараттардың 5524,6 мың дозасы немесе 99,6% уақытылы жеткізілгендігі туралы айтып өтті.

    Өңір басшысы мал ауруларының алдын алуға қажетті қаражат бөлінгенін айтып, екпелерді, емдеу шараларын уақытылы жүргізуді тапсырды. Құс ауруын алдын алу үшін мониторинг жүргізіп, тиісті шараларды қабылдау қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ветеринариялық станциялардың сын көтермейтінін ескертіп, заманауи талапқа сай етіп жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік ұсыныс әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, ветеринар мамандарының жалақы мәселесін шешіп, тұрақты мамандармен қамтамасыз ету керек екенін атап өтті.

    Бүгінге дейін 57,2 мың бас мүйізі ірі қара, 245,3 мың бас уақ мал, 16,5 мың бас жылқы, 8,1 мың бас түйе, 962 бас шошқа бірдейлендіріліп, дерекқор жүйесіне енгізілді. Облыс бойынша дерекқор жүйесінде 356,1 мың бас мүйізі ірі қара, 809,3 мың бас уақ мал, 155,2 мың бас жылқы, 54,2 мың бас түйе, 2,0 мың бас шошқа тіркелген.
    Басқарма тарапынан типтік жобадағы мал қорымдарын салдыру мақсатында тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Бүгінге 83 типтік жобадағы мал қорымдары пайдалануда.

    2020 жылы 7 типтік жобадағы мал қорымы салынатын болады. Оның ішінде Арал ауданында – 5, Жалағаш ауданында – 2.

    Қазіргі таңда күзгі мал қораларының механикалық тазалану және ауыл шаруашылығы жануарларын залаласыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

    Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, өңірімізде аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмей эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысындағы шыны зауыты биыл аяқталмақ

    Фариза

    Қызылорда облысында «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 372 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілген

    Фариза

    Теңізді өлкеде 604 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.