23 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: 8 айда 100 миллионнан астам жұмыртқа өндірілді

    Шымкент қаласында 8 айда 22,9 миллиард теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 процентке өскен. 

    Бұл өсімге мал шаруашылығы саласындағы өнім көлемін арттыру арқылы қол жеткізілді.

    Атап айтқанда, 8 ай ішінде 100,4 миллион дана жұмыртқа алынды. Оның ішінде 23 миллион данасын «Тассай құс» және «Шымкент құс» ЖШС-тері өндірген. Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, бұл дерек жұмыртқа өндіру 29,8 процентке көбейгенін көрсетеді. 

    Ал, ет өндірісі 1,1 процентке артып,  10,6 мың тоннанықұрап отыр. Бір ғана «Шымкент құс» ЖШС-інің өзінде бройлер тауық пен малдың 118,2 тонна еті өндірілген. 

    Сондай-ақ, есепті кезеңде 35,2 мың тонна сүт сауылып, өнім көлемі 3,3 прцентке артқан. Оның ішінде «Бәйтерек Агро», «Зертас», «Тұран агро продукт» ЖШС-тері сүт өндірісін 1,1 мың тоннаға арттырған.

    Айта кетейік, қалада 81,5 мың — ірі қара, 106,8 мың – қой мен ешкі, 4,1 мың — шошқа,  14,5 мың – жылқы, 29 бас түйе және 100,1 мың құс бар.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Бірқатар азаматтар мерекелік медальмен марапатталды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ШЕКТЕУГЕ ШЕКЕДЕН ҚАРАЙТЫНДАР КӨП. 32 НЫСАН ИЕСІ КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН

    Фариза

    Қызылордада 602 көп балалы отбасына кәсіп ашуға қайтарымсыз грант берілген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.