-3.1 C
Алматы
Понедельник, 29 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар шипажайға жіберілді

    Қызылорда қаласынан Сарыағаш қаласына мүмкіндігі шектеулі азаматтар ем алу мақсатында жолға шықты.

    Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің дерегінше санаторий-курорттық емделуді ұсыну қағидалары бойынша жеке оңалту бағдарламасына сәйкес Қызылорда қаласы бойынша бүгінгі күнге 1260 адам өтініш білдірген.

    2020 жылға Сарыағаш қаласы «Салма Караван» шипажайына – 634 жолдама, Көкшетау қаласы «Алмаз» шипажайына – 203 жолдама бөлініп, 14 күн ем алуға белгіленіп, кезең-кезеңімен ем алуда.

    Жолға шыққан ем алушыларды бөлім басшысы Индира Ақжігітова ақ жол тілеп, шығарып салды.

    Сондай-ақ, бөлім басшысы мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әрқашанда қолдау жасалатынын айтып, әлі де бірнеше топ бойынша ем алушылар жолға шығатынын жеткізді.

    қатысты посттар

    «Адамның басын кесіп, фотоға түскен» Сириядан елге қайтарылған 14 қазақстандықтың жантүршігерлік қылмыстары әшкере болды

    Фариза

    Жамбылдық құрылысшылар марапатталды

    Фариза

    Қармақшы ауданының 3 ауылы интернетпен қамтылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.