19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Қонаев даңғылы -рысқұлов көшесінің қиылысында жолайрық салынады

    Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов  қаладағы жол құрылысы жұмыстарына қатыстыұйымдастырылған арнайы баспасөз-туры кезінде айтты. Осылайша шаһардағы кептеліс мәселесін азайтпақ. 

    “Қазіргі таңда қала көшелеріне сараптама жүргізунәтижесінде, жолаушылардың қолайлылығы үшін Қонаевдаңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысына заманауижол айрығын салу қажеттілігін байқап отырмыз. Күнделіктікептелістерден тұрғындардан шағымдар, наразылықтарбайқап жатырмыз. Соны ескере отырып, қазан айынанбастап жол айрықтың жұмысына кірісеміз. Жоба келесіжылы толық аяқталуы қажет”, – дейді ол. 

    Сонымен қатар,  биыл қаладағы 259 нысан 416 шақырымжол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргітаңда 160 көшеде, 203 шақырым жол жөндеу жұмысыаяқталды. Ендігі жерде 99 көше, 213 шақырым жөндеужұмыстары қалғанын айтты.

    Қыркүйектің  соңына дейін бірнеше жол құрылысжұмыстары мен жол өткелдерін ретке келтіру, аялдама мен бағдаршам орнату, көшені таңбалау жұмыстары аяқталады. 

    Ал,  Қонаев көшесінің Түркістан көшесінен арықарайғыжалғасы да салынып,  1 кезеңі желтоқсан айында толықаяқталады.

    Сондай-ақ,  Мақсұт Исахов аялдамалардың орнатылубарысын,  веложолақтардың салынуы мен велостанциялардың орналасуы мен пайдаланылуын,  қалағакіре беріс Шымкент-Ташкент өткеліндегі жөндеужұмыстарының барысын таныстырды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: «Еңбек» бағдарламасы аясында 20 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған

    Фариза

    Маңғыстаулықтар азық-түлік бағасын реттеудегі Жамбыл облысының тәжірибесімен танысты

    Фариза

    Таразда тозығы жеткен екі мектеп қайта жаңғырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.