-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: «Абай сөзі» онлайн-оқулары өз мәресіне жетті

    «Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылыаясында  Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшылақыны Абай Құнанбайұлының  175 жылдығына арналған«Абай сөзі» онлайн–оқулары өз мәресіне жетті. Оған жалпы253 адам қатысты. Оның ішінде ТМД елдерінен — 45,  өзгемемлекеттерден — 21, елімізден 187 қатысушы ақынныңтуындыларын жолдады. 

    Достастық елдерінен Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан,  Түрікменстан, Тәжікстан, ӘзірбайжанРеспубликаларынан, сонымен қатар, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Франция, Болгария, Оңтүстік Корея, Грузия, Үндістан мемлекеттерінің азаматтары  белсенділіктанытты.

    Атап айтқанда, Ресей Федерациясынан Анна Кудряшова «Молодым до науки дойти я не мог», Зипенкова Влада «Сын мой, подрастешь и ты…», атты ақынның орыс тілінеаударылған өлеңдерін  өресіне сай қылып жеткізе алды.

    Ал, Ағаева Феруза  ақынның бірінші қара сөзін әзірбайжантілінде орындады. Бүгінде ол Әзірбайжан РеспубликасыБаку Мемлекеттік университетінің профессоры, Абай орталығының жетекшісі. Қазақ ақыны туралы зерттеужұмыстарымен айналысып, үш кітап, қырыққа жуықғылыми жұмыстар жариялаған.

    Одан өзге, Өзбекстан,  Қытай, Түркия, Франция, Грузия жерлерінен де қатысушылар белсенділік танытқан. 

    Қазақстандық қатысушылардың ішінен Абай шығармаларын ағылшын тілінде оқыған ҒалымжанқызыТалшын, айрықша мәнермен оқыған Темірханов Ринат, үштілде оқыған өзге ұлт өкілі Овеян Ани, төрт жастағыҰзақбай Нұрислам ерекше көзге түсті.

    Барлық қатысушыларға қала әкімінің атынан арнайыдипломдар мен Абай Құнанбайұлының кітаптарытабысталды.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып-ақ алуға болады

    Фариза

    «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Шығыс Қазақстан облысына іс-сапармен барды

    Өңірді дамыту — ортақ міндет

    Пікір қалдыру

    14 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.