-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Гүлшара Әбдіқалықова «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасын қабылдады

    Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қазпошта»АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Алпысбаев пен «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директора Аида Абибуллаеваны қабылдады.

    Кездесуде аймақ басшысына осы салада жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

    Сондай-ақ, облыс әкіміне «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшелерінің кірістілігін арттыру және ауылдық жерлерде қызмет көрсетуге қолдау көрсету бойынша ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, заңды тұлғалар арасында көрсетілетін қызметтерді көпшілікке тарату үшін аудандарда «Қазпошта» АҚ жергілікті атқарушы органдарын қолдау, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақы жобаларына аудару, жазылу компаниясы кезінде мерзімді баспа басылымдарын танымал етуге қолдау көрсету, сондай-ақ жергілікті жерлерде балабақшалар мен мектептерді және «Қазпошта»АҚ қызмет көрсетуге зейнетақы мен жәрдемақы алушыларды ауыстыру.

    Облыс әкімі жаңа технологиялар негізінде халыққа көрсетілетін қызметтерді жылдам әрі сапалы жүргізу керектігін айтты. Сондай-ақ «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде цифрландыруды дамыту қажет екенін атап өтті. Аймақ басшысы әлеумететтік төлемдер мен зейнетақы берілетін уақытта адамдар арасында әлеуметтік қашықтық пен маскалық режим қатаң сақталу керектігін баса айтты.

    Айта кетейік, 2019 жылдың 19 қарашасында «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен облыс әкімдігі арасында Қызылорда қаласында Қазақстан азаматының әлеуметтік картасын енгізу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға және Жол картасына қол қойылған. Нәтижесінде, қазіргі уақытта облыс мектептерінің мұғалімдері оқушылардың ата-аналарынан құжаттарды жинау жұмыстарын жүргізуде.Қаланың бес мектебі үшін 5439 әлеуметтік карта шығарылды.

    Бүгінгі күні Қызылорда облысының елді мекендері 168 пошта байланысының өндірістік объектілеріне және франчайзингтік модель бойынша 37 бөлімшеге қызмет көрсетеді, оның ішінде 7 пошта байланысының аудандық торабы, 8 орталық–операциялық учаске, 101 ауылдық пошта байланысы бөлімшесі, 21 қалалық, 6 тіркелген елді мекендері бар 3 жылжымалы пошта байланысы бөлімшесі, 20 пошта байланысы пункті, 15 төлем қабылдау пункті және 12 сәлемдеме супермаркеті.

    Сонымен қатар, клиенттерге ыңғайлы болу үшін ұйым жанында POS Mobile қосымшасы жұмыс істейді. Қызмет цифрлық технологиялар нарығында алғашқылардың бірі болып табылады. Қосымшаның артықшылығы смартфон арқылы төлем қабылдаудың ыңғайлылығы мен жылдамдығы және кез келген картамен төлем жасау мүмкіндігі болып табылады.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында бес айда 14 928 адам жұмыспен қамтылды

    Фариза

    Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту қызметтері жандануда

    Фариза

    Ауғанстан қазақтары Қазақстаннан көмек сұрауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.