9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    МӘМС қызылордалықтарға 4 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді

    Қызылорда облысында жарты жылдың қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті төлеуге 4,2 млрд теңгеден астам қаржы жіберді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

    Қор филиалының басшысы төлем халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылатындығын атап өтті. Клиникалық хаттамаларды және емдеуге қажетті талаптарды сақтай отырып, факті бойынша көрсетілген және құжатпен расталған қызметтер ғана төленеді.

    Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, жарты жылдықтағы шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмек төлемі – 927,9 млн теңге. 6 ай ішінде жоспарлы түрде еліміздің стационарларында 7,2 мыңнан астам адам емделді.

    Көрсетілген консультациялық-диагностикалық көмек үшін шамамен 1,5 млрд теңге төленді. Атап айтқанда, диагностикалық қызметтер арасында КТ және МРТ қызметтері азаматтар үшін өзекті. Жарты жыл ішінде пациенттерге КТ және МРТ 7,9 мың қызмет көрсетілді: 34,7 млн. теңге сомасына 3,5 мың компьютерлік томография қызметі, 70,7 млн. теңге сомасына 4,3 мың МРТ қызметі.

    Сонымен қатар, қаңтар мен маусым аралығында 102,1 мың-нан астам стоматология, 39,2 мыңға жуық рентген және 24,8 мыңнан астам УДЗ-диагностика қызметтері көрсетілді, олардың жалпы құны 494,8 млн теңгеден асады. Олардың барлығы МӘМС пакетінде медициналық сақтандыру қаражаты есебінен көрсетілді, пациенттерге медициналық көмек үшін Қор ақы төледі.

    Одан бөлек, құны 478 млн теңгені құрайтын 2 611 қызылордалық медициналық оңалтудан өтті. Жарты жылда тағы 38 мыңнан астам азамат 147 млн теңге сомасына жоғары технологиялық медициналық қызмет алды.

    «Естеріңізге сала кетейік, бірінші жартыжылдықта барлық қазақстандықтар МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған және медициналық қызметтерді кепілді көмек аясында, сондай-ақ МӘМС аясында пайдалана алатын. Екінші тоқсанда карантин аясында жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге шектеу қойылды. 1 тамыздан бастап еліміздің клиникаларында жоспарлы медициналық көмек қайта басталды, сондықтан екінші жартыжылдықта МӘМС жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтер бойынша көрсеткіштердің өсуі күтілуде», – деп атап өтті ӘМСҚ филиалының директоры.

    2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 55 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім – шарт жасалды, оның ішінде 28 (50,9%) – мемлекеттік, 27 (49,1%) – жеке меншік.

     

    қатысты посттар

    15 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан әуежайы шектеулі режимде жұмыс істейді

    Фариза

    Күршімнің жері Қытайға берілді ме?

    Медсақтандыру қорының басшылары 77 млн теңге сыйақы алған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.