20 C
Алматы
Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі аллеялардағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты

    Биыл Шымкент қаласындағы бірқатар аллеяда абаттандыружұмыстары жүріп жатыр. Осыған орай қала әкімі МұратӘйтенов аллеяларды аралап, ондағы атқарылып жатқанжұмыс барысымен танысты. 

    Шаһар басшысы алдымен 2006 жылы бой көтерген «Шәмшіәлемі» аллеясына барды. Аллеяның жалпы алаңы – 2,62 гектар. Мамандар тарапынан «Шәмші әлемі» аллеясыназерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аллея ішіндегіжаяу жүргіншілер жолының  80 пайызынан астам плиталықтөсеніштері жөндеуді қажет ететіні және сахнаайналасындағы су бұрқақтың жабындары, темірбүріккіштерінің шірігені, талапқа сай күтіп ұстаужұмыстарын атқару мүмкін еместігі белгілі болған еді. Сондықтан қазір мұнда нысанның плиталық төсеніштерінтолықтай жаңарту, суғару жүйесін алмастыру, көгалдандыру  және қосымша көркейту элементтерін орнатужұмыстары жүріп жатыр. Аталған жоба қазан айына дейінаяқталады деп жоспарланған. 

    Кейіннен Мұрат Әйтенов абаттандыру жұмыстарыаяқталған  «Чернобыль» сквері мен «Балалар теміржолының «Спорт» станциясын аралады.

    «Чернобыль» сквері 2004 жылы пайдалануға берілген. 2019 жылы скверін абаттандыру жұмыстарының сметалыққұжаттары әзірленген. Осыған орай «жұмыспен қамту жолкартасы» аясында қаржы бөлініп, абаттандыру жұмыстарыжүргізілді. Жоба бойынша плиталық төсеніштері толықтайжаңартылып, суғару жүйесін алмастырылды. Сондай-ақ, 29 жарықшам, 22 орындық, қоқыс жәшіктері орнатылған. 0,47 гектарды құрайтын сквер жаңа кейіпке еніп тамыз айындаел игілігіне берілді. 

    Ал  «Балалар темір жолының «Спорт» станциясыныңжұмыстары қыркүйекте аяқталды. Жобаға сәйкес қараусызқалған станция аумағы көгалдандырылып, плиталықтөсеніштер салынған. Қосымша жарықшамдар мен балаларға арналған спорт элементтері орнатылған. Соныменқатар мұнда станциясның перрон аумағы, тұрғын емесғимараттары және тепловоз тұрақтары талапқа сайабаттандырылған. Яғни стадион аумағына келіп, спортпеншұғылданушылардың демалысы үшін жағдайлар жасалған. 

    Айта өтсек, аллеялардағы абаттандыру жұмыстары кезінде100-ден аса адам жұмыспен қамтылған.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ 2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

    Фариза

    БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ЗАМАНАУИ МЕДИА ЖӘНЕ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ 8 МЫҢНАН АСТАМ НЫСАНҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.