-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    BI Group компаниясы Шымкентке 135 миллиард теңге инвестиция салуға дайын

    Өткен аптада BI Group компаниясы Шымкентте қаланың солтүстік бөлігінде 500 мың шаршы метр аумақта заманауи әкімшілік-тұрғын үй орамның құрылыс жобасын ұсынып, Бәйдібек би даңғылындағы ипподром орнында пайда болатын болашақ кешен тұжырымдамасының таныстырылымына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, компания басшысы Айдын Рахымбев қатысқан болатын.

    Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев осы жобаны іске асырған жағдайда қаланың даму мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндіріп берді.

    – Бұл өте үлкен жоба. Жоба іске асырылған жағдайда, ондағы инвестиция көлемі 135 миллиард теңге, салықтық жеңілдіктер шамамен 15 миллиард теңгені құрайды. Құрылысқа жалпы 6000-ға жуық адам тартылады. Ал құрылыс аяқталғаннан кейін әлеуметтік және коммерциялық нысандарда шамамен 2500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Мектептер, балабақшалар, білім беру орталықтары және тағы басқа нысандарды салу көзделіп отыр, – деді Б.Мамыталиев.

    Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, BI Group әзірге тек өз тұжырымдамасын ұсынды. Барлығы егжей-тегжейлі пысықталғаннан кейін, Шымкентте қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

    – Егжей-тегжейлі жоспарға қала әкімі қоғамдық тыңдаулардың оң нәтижелерінен кейін, яғни жобаны көпшілік қолдаса ғана қол қояды. Егер азаматтардың көпшілігі жобаны қабылдамаса, біз оны жүзеге асырмаймыз. Бірақ бұл жобалар мегаполистің ұзақ мерзімді дамуы аясында қолға алынатынын тереңінен түсіну қажет.

    Жалпы бұл орамның каланы одан әрі дамытуда зор әлеуеті бар. Бұл орам Наурыз алаңын Shymkent City қалашығымен байланыстырады және бұл аумақ одан әрі тартымды бола түседі.Ипподромды көшіру 2018 жылы, Шымкенттің бас жоспары өзектендіріліп, қалаға республикалық мәртебе берілген кезде жоспарланған еді. Сол кезде жаңа ипподромның құрылысына шамамен екі миллиард теңге қажет болды. Егер жаңа әкімшілік-тұрғын үй кешенінің жобасы мақұлданса, ипподромды BI Group өз қаражатына салып береді, – деді қала әкімінің орынбасары.

    Жалпы бұрынғы ипподромның жері BI Group-қа тегін берілмейді. Жер Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының үлесіне беріледі. Және ӘКК оны инвестициялық жоба ретінде жүзеге асырады.Сондай-ақ, BI Group тұжырымдамасында орам аумағында ерекше балаларға арналған «Жұлдыз-ай» оңалту орталығын салу қарастырылып отыр. Мұндай орталықтар әзірге Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында ғана бар.Бауыржан Жаймұрзынұлының айтуынша, осы уақытқа дейін бірде-бір жеке компания Шымкентке 135 миллиард теңге инвестиция салмаған.

    Қала әкімдігі құрылыс жұмыстары дендросаябақ аумағына жақындамайтынын да мәлімдеген еді. Өйткені, ол ерекше қорғалатын аймақ. Бірақ ТМД-ның мәдени астанасы жылы аясында салынған уақытша құрылым этноауыл бұзылады.Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Шымкентте жедел жәрдем көрсету станциясының «CALL» орталығы жаңғыртылды

    Фариза

    Қашықтан оқыту: Қызылорда облысына 5 мың электронды құрылғы жеткізілді

    Фариза

    Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары зиялы қауым өкілдерімен кездесті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.