19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту қызметтері жандануда

    Мүмкіндігі шектеулі азаматтарендіaleumet.egov.kz сайты арқылы оңалту құралдарын өздері таңдай алады. Бірыңғай цифрлық алаң мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жасалған.

    Биылдан бастап елде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылар мен жеткізушілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы енгізілген. Осы кезге дейін мүгедектер жеке іріктеуді талап етпейтін техникалық көмекші құралдардың 24 түрі портал арқылы қамтылып келді. Енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап пилоттық режимде санаторий-курорттық емделу қызметі, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі, ымдау тілі маманының қызметін мүгедектігі бар адам портал арқылы алу жоспарланды.

    Ал, келесі жылдан бастап техникалық көмекші құралдардың және әлеуметтік оңалту қызметтерін ұсыну толығымен портал арқылы жүргізілетін болады.

    Айта кету керек, соңғы 3 жылда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау бағытталған қаржы көлемі 2,5 есеге артқан. Нәтижесінде, өткен жылдың қорытындысымен жеке оңалту бағдарламасының орындалуы бойынша республикада бұл көрсетікіш 69,5% болса, облыста 84,3% құраған.

    Төтенше жағдай кезіндеде 60 мыңға жуық жекелеген санаттағы азаматтарға, оның ішінде I, II, III топтағы мүгедектігі бар азаматтарға және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 5567 теңгеден әлеуметтік төлем төленген.

    Айта кетейік, бүгінгі күні өңірде 30647 мүгедектігі бар адам тіркелген.

    қатысты посттар

    COVID-19: Қызылордада шектеу шаралары күшейтілді

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралады

    Фариза

    Сырдария ауданында 42 пәтерлі тұрғын үй салынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.