23 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Электр энергиясы үшін есеп айырысу жүзеге асу шарттары

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментіЭлектр энергиясы үшін есеп айырысу туралы келесіні хабарлайды.

             1. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі “Электр энергетикасы туралы” (бұдан әрі – Заң) Заңының 18 және 19-баптарына сәйкес электр энергиясының тұтынушылары электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан сатып алады.

    2. Электрмен жабдықтау шартының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес Тұтынушы тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысуды энергиямен жабдықтаушы ұйым қағаз тасығышта жазып берген төлем құжаты бойынша (оның ішінде бірыңғай төлем құжатының құрамында) не “Дербес деректер және оларды қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректердің құпиялылығын қорғауды сақтай отырып, энергиямен жабдықтаушы ұйымның немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымының интернет-ресурсында орналастыру құралдары бойынша электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптары немесе тұтынудың өзге де есептеу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде жүргізеді.

    Төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурс, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы жеткізеді.

    Төлем құжатын тек интернет-ресурс арқылы немесе шарт акцептінде Тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда, бірыңғай есеп айырысу ұйымына алуға жол беріледі.

    3. Есептік кезеңнің ұзақтығы, жіберілген электр энергиясы үшін есеп айырысудың мерзімі, шарттары және нысандары тараптардың келісімі бойынша электрмен жабдықтау шартында анықталады.

    4. Электр энергиясы сапасының төмендеуіне кінәлі тұлға электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектісіне келтірген залалды өтейді.

    5. Тұтынушының кінәсінсіз (пломбаның бүтіндігі және есептеу құралының алдыңғы актіде көрсетілген орнатуы және аспаптық тексерісіне сәйкес келген жағдайда) коммерциялық есепке алудың бұзылуы анықталған жағдайда, тұтынудың есебін энергия беруші ұйым алдыңғы немесе электр энергиясының қаржысы мен есепке алу схемасы түзетілген келесі есептік кезеңнің орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізеді. Есеп айырысу кезеңі бұзылу анықталған күннен бастап коммерциялық есепке алуды бұрынғы қалпына келтіру күніне дейінгі аралықты қамтиды, алайда ол мерзім күнтізбелік отыз күннен аспауы қажет.

          Тұтынушы коммерциялық есепке алуды бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күндік мерзім ішінде қалпына келтіреді.

          Бұзушылық анықталған күннен кейінгі күнтізбелік отыз күн өткен соң коммерциялық есепке алу қалпына келмеген жағдайда, есеп айырысу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген қуат бойынша, ал техникалық шарттар болмаған жағдайда, тәулігіне 24 сағат пайдалануды ескеріп, қосу коммутациялық аппаратының номиналды тогы бойынша жүргізіледі.

    6. Егер Тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым Тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

    7. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жарты жылда 1 (бір) рет коммерциялық есепке алу аспабының көрсеткіштерін алу кезінде оны көзбен шолып қарауды жүргізеді. Еркін нысанда коммерциялық есепке алуды тексеру туралы актіні жасайды, оған құқығы бар ұйымның алғашқы немесе мерзімдік тексеруі туралы пломбының (таңбасының) немесе пломбалау құрылғысының болуын немесе болмауын, КЕҚ әйнегі мен корпусының тұтастығын, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым бұрын белгілеген орындарда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның пломбалау құрылғысының болуын немесе болмауын белгілейді.

    8. Электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, бұған қоса тұтынушы өздігінен пайдаланған электр энергиясының көлемі жөнінде мәлімет бермесе, энергия таратушы (энергия өндіруші) немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым алдынғы кезең үшін есептесуді орташа тәуліктік шығын бойынша есептейді.

    Бұл ретте электр энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша есептеу кезеңі үш есептік кезеңнен аспауы қажет, ол кезең аяқталған соң электр энергиясымен жабдықтау тоқтатылады.

    9. Тараптардың келісімі бойынша тұтынушы өздігінен электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алып, оларды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға тапсыруына болады. Тұтынушының электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу кезінде жіберген қателіктерін энергия беруші (энергия өндіруші) және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым олардың анықталуы бойынша түзетеді.

    10. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым мына бұзушылықтар болғанда, тұтынушыға еркін нысанда бұзушылық туралы акт толтырады, оны ажыратады және қайта есептеу жүргізеді:

    1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне өздігінен қосылуы;

    2) электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабынан (бұдан әрі – КЕҚ) басқа электр энергиясының қабылдағыштарын қосу;

    3) КЕҚ, ток пен кернеу трансформаторларын қосу схемасының өзгеруі;

    4) КЕҚ дискісінің жасанды тежелуі;

    5) КЕҚ көрсеткішін бұрмалайтын құрылғыларды орнату.

    Қайта есептеу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген электр қуаты бойынша, ал техникалық шарттар болмаған жағдайда, тәулігіне 24 сағатты пайдалануды есепке алып, қосу коммутациялық аппаратының қуаты бойынша жүргізіледі.

    Қайта есептеу кезеңі КЕҚ соңғы рет ауыстыру немесе оны қосу схемасының соңғы аспаптық тексеру күнінен бастап бүкіл уақыт ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде анықталады.

    Қайта есептеуге сәйкес есепке толық алынбаған немесе мүлде алынбаған электр энергиясының көлемі энергиямен жабдықтаушы ұйымның таратқан электр энергиясы көлеміне қосылады және тұтынушыға ағымдағы есептік кезеңде қолданылатын жіберу тарифі бойынша төлеуге ұсынылады.

    Тұтынушы электрлік желіге схемадағы және электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарындағы бұзушылықтар жойылғаннан кейін және қайта есептеу төлемі мен қосылу үшін төлем өтелгеннен кейін қосылады.

    Тұтынушының энергия беруші және энергиямен өндіруші ұйымның электр желілеріне өздігінен қосылғаны анықталса, акт жасалып, жеке меншіктілік құқығын иеленген сәттен бастап, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде нақты қосылған жүктеме бойынша пайдаланған электр энергиясының көлеміне қайта есептеу жүргізіледі.

    Тұтынушы электр желісіне электр энергиясының схемасы мен есепке алу құралдарындағы бұзушылықтарын жойғаннан, қайта есептеу және электрмен жабдықтау шартын жасасу немесе электрмен жабдықтау шартына толықтырулар енгізу сомасы мен қосу сомасы өтелгеннен кейін қосылады.

    Тұтынушы қайта есептеу төлемін мерзімде өтемеген, сондай-ақ толық өтемеген жағдайда немесе төлем өтеуден бас тартқан жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым, ал энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шарты болмағанда, энергия беруші ұйым материалдарды сотқа тапсырады.

    қатысты посттар

    “Жын адамнан мықты” Халық емшісі тәжірибесінде кездескен тылсым оқиға жайында айтып берді

    Қызылордада бағдарлама аясында 8 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

    Фариза

    Қазақстандық қызды зорлады деген ресейліктер айыпталуда

    Пікір қалдыру

    sixteen − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.