23.4 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: 381 нысанға жаңа атау беріледі

    Қазіргі таңда Шымкент қаласында жалпы 2 829 көше бар. Қала аумағы жыл санап ұлғайып, жаңа шағын аудандар пайда болып жатыр. Алайда, бүгінгі күні қаланың кейбір көшелері атаусыз қалып отыр.

    Осыған сәйкес, 381 нысанға жаңа атау беру бойынша Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы шықты. Оның ішінде 24 шағын аудан, атауы қайталанатын 52 көше және 305 атауы жоқ көше бар. 

    Сондай-ақ, қалалық ономастика комиссиясының отырысы өткізіліп, комиссия мүшелері «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әл-Фарабидің есімін беру бойынша ұсынысты бір ауыздан қолдаған. Бірлескен шешім негізінде ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданып, ұсыныс оң қорытындысын алды. Жыл соңына дейін Отырар қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына Әл-Фарабидің есімі берілетін болады. 

    Г.  ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Облыс әкімі құрылыс-жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды

    Фариза

    Шымкентте биыл 300 шақырымнан астам жол жөнделеді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ОСЫ ЖЫЛЫ 104 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.