Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда қаласында бақша дақылдарын өсірушілер көбейіп келеді

    Қызылорда қаласында бақша дақылдарын өсірушілер көбейіп келеді. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһар іргесіндегі бау-бақша өнімдерін егумен айналысатын мекеме жұмысымен танысты.

    «Іскер-М» ЖШС алғаш рет 2016 жылы Бірқазан елді-мекенінде голландиялық бақша өнімдерінің тұқымдарын Сыр өңіріне жерсіндіруді қолға алған. 16 гектар аумаққа 16 түрлі дақыл егіп, оның ішінен өнімділігі жоғары сұрыптарын таңдаған.

    Биыл бұл бастамасын пилоттық жоба негізінде қала маңынан 1 гектарға жуық жер алып, қайта жандандырып отыр. Голландияның «Rijk Zwaan» компаниясымен бірлескен жоба бойынша 7 түрлі өнім егілген. Олар голландиялық тәтті жүгері, асқабақ пен қарбыз және қауынның Пиель де Сапо, Галия, Панталупа, Амморелло түрлері.

    «Бұл өнімдер жоғары шыдамдылығы мен және дәмімен ерекшеленеді. Нарықта сұранысы жоғары дақылдарға тапсырыс берушілер дайын. Экспортқа шығаруды да жоспарлап отырмыз» – дейді мекеме менеджері Арыстанбек Шайменов.

    Егіс алқабы тамшылатып суару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған бақшаны қашықтықтан басқару арқылы да суаруға болады.

    Бақша аумағын аралап, өнім түрлерімен танысқан шаһар басшысы жергілікті өнімнің сапасына аса жоғары баға беріп, бау-бақша алқабының көлемін ұлғайтуды баса айтты. Өз кезегінде несібесін еңбекпен еселеп, ырзықты жерден терген егіншілер егіс көлемін ұлғайту мақсатында Бірқазан елді-мекенінен қосымша жерді жалға алуды заң аясында шешіп беруін сұрады. Қала әкімі мәселенің 2 апта ішінде шешілетінін айтып, сала басшыларына бағбандарға берілетін жерге инфрақұрылым тарту мен субсидия бөлу мәселесін де қарауды тапсырды.

    қатысты посттар

    Теңізді өлкеде 604 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

    Фариза

    COVID-19: Қызылордада бірқатар шектеулер алынып тасталды

    Фариза

    Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін келтірілген шығын сомасы белгілі болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.