7 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында 148 талапкер әкім грантын иеленді

    Биыл Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін 150 білім гранты бөлінді, нәтижесінде 148 талапкер грант иегері атанды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Абдукаримов мәлімдеді.

    «Облыс әкімінің грантына 183 үміткердің өтініші қабылданды. Қабылданған өтініштер аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері жанына құрылған арнайы комиссиялардың отырыстарында қаралып, нәтижесінде барлығы 148 грант иегерлері анықталды. Атап айтқанда, 76-ы көп балалы, 43-і тұрмысы төмен, 13-і асыраушысынан айырылған отбасына, 7-і ата-анасының біреуі мүгедек, 3-і «Атамекен» балалар үйінің тәрбиеленушісі, 3-і мүгедек балаға, ал қалған 3-еуі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға берілді. Сондай-ақ, 2 үміткер мемлекеттік грантты иеленуіне байланысты бас тартты», – дейді Мейрамбек Жақсылықұлы.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысының Сырдария ауданында жаңа жоба іске асырылуда

    Фариза

    Жыл басынан бері вакцина алғаннан кейін 115 адам қайтыс болған

    Фариза

    Педагогтар мен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.