21 C
Алматы
Жұма, 10 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Шиелі ауданында тұрғындар көптен күткен көпір құрылысы басталды

    Бүгінде Шиелі ауданындағы басты мәселелердің бірі көпір екені жасырын емес. Мәселен, елді мекендерге баратын өткелдердің басым бөлігі осыдан елу жыл бұрын салынған. Одан бері тиісті жөндеу жұмыстары да жүргізілмеген. Дарияның арғы беті мен бергі бетін жалғайтын көпірлердің сапасы тіпті сын көтермейді. Сондай-ақ Төңкеріс ауылына кіреберіс көпір тесілген, Телікөлге барар жолдағы екі көпірдің де жағдайы көңіл көншітпейді. Бидайкөлде де осындай мәселе бар. Кенттегі теміржол өткелінің үстінен көпір салу мәселесінің өзі үлкен мәселе.

    Жақында осы көпті алаңдатқан көпір мәселесінің шешім табылды. Осыдан екі ай бұрын «Шиелі – 20 бекет» аралығындағы 2945 шақырымдағы қос жолдың үстінен көпір салу жұмысы басталған еді. Сметалық құны 644 млн 820 мың теңге тұратын жобаны «Стандарт ОИЛ» мекемесі жеңіп алған. Қазіргі таңда мердігерлер құрылысты бастап, қарқынды жүргізуде. Құрылыс аумағында 70-80-ге жуық адам еңбек етуде. Оның ішінде 40 жұмысшы жұмыспен қамту орталығынан қамтылған. Алайда 13 адам өз жұмысына жауапсыздық танытқаны үшін, қызметінен айырылған екен. Қалған 27 тұрғын жұмыспен қамту орталығынан тартылып, көпір құрылысымен айналысуда. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дана Аманның айтуынша, көпір жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

    Тағы бір жағымды жаңалық, аудан ауылдарындағы басқа көпірлердің де мәселесі шешімін таппақ. Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша Жөлек елді мекеніндегі автомобиль көпірі жөнделіп, пайдалануға берілген. Жөлек елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніндегі қалқымалы көпір де күрделі жөнделуде, таяу күндері пайдалануға беріледі.

    Алдағы уақытта Төңкеріс, Ә.Тәжібаев, Бидайкөл елді мекендеріндегі көпірлер қалпына келтірілмек. Жол бойындағы көпірлер де жоспарға сәйкес жөнделеді деп күтілуде.

    қатысты посттар

    Сәби жабайы аңдар мен қоқысқа толы жерде 2 күн бойы жалғыз қалған (фото)

    Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын – Президент

    Фариза

    Қызылордада 548 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.