7 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    СЫР ӨҢІРІНДЕ ТІЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА «ТІЛДІ СҮЮ-ТАЛБЕСІКТЕН» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі аясында Қызылорда қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Тілді сүю — талбесіктен» акциясы ұйымдастырылды.

    Акция барысында облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, бүлдіршіндердің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тіл байлығын жетілдіру мақсатында кітаптар тарту етілді.

    Шара барысында балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілер қауымына айтулы мерекеге орай құттықтаулар білдіріліп, «Сыр еркесі», №14 «Самал» балабақшаларының ұжымдарына «Аталар сөзі», «Бабалар батасы», «Халық тағылымы», «Халық ертегілері», «Халық әні», «Халық аңызы», «Қобыз үні», «Домбыра күйі», «Бесік жыры», «Билер сөзі», «Нақыл сөздер», «Халық жыры» кітаптары жиынтығынан тұратын инновациялық сөйлейтін қаламы бар «Даналық әліппесі» оқу-әдістемелік кешені және «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Атамекен сиқырлы елінің аңыздары», «Сыналған достық», «Сиқырлы тақия», «Сөйлейтін әліппе» интерактивті плакаттар, балаларға арналған ертегілердің аудиожинақтары, сонымен бірге, «Әріптер әлемінде», «Бұлт сырты әлеміндегі сиқырлы бастан кешулер» т.б. көптеген кітаптар берілді.

    Акция соңында балабақша бүлдіршіндері сыйлық әкелген алдыңғы толқын апаларына тіл мерекесіне арнаған ән мен жырдан шашуларын арнады.

    қатысты посттар

    Қызылорда: «Атамекен» балалар ауылының түлектерін университет тегін оқытпақ

    Фариза

    Депутаттар оқушыларды мектепке қайтаруды талап етіп жатыр

    Фариза

    Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту қызметтері жандануда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.