-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамыту жөнінде арнайы бағдарлама әзірленбек

    Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов жұмыс сапарымен Арал ауданында болып, жергілікті жердегі балық өңдеу зауыттарының жұмысымен танысты. Балық шаруашылығына қатысты мәселелерді талқылады.

    Сондай-ақ, ол Арал қаласымен қатар, Қаратерең, Қарашалаң елді мекендеріндегі балық қатыру, мұздату цехтарын да аралап көрді.

    Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде балық шаруашылығын дамыту жөнінде арнайы бағдарлама әзірленетін болады. Бақыт Жаханов балық шаруашылығымен айналысатын мамандармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жергілікті балық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер тауарлы балық өсіруге қызығушылықтарын білдіріп, бағдарлама жобасына өз ұсыныстарын жеткізді.

    Сапар барысында Б. Жаханов Аралқұм елді мекеніндегі ветеринариялық пунктте болып, орталық жұмысымен таныс болды. Қазіргі таңда аталған пунктте аудандағы төрт түлік малға арналған ақылы қызмет түрлерін көрсетуде. Бұл қызмет аясында тұрғындарға мал емдеу және аулалар мен қораларды залалсыздандыру жұмыстары ұсынылады.

    Сонымен қатар, Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіндегі орман тұқымбақтарының жұмысымен де танысты.

    қатысты посттар

    «Түркістан тұрғыны өзін көп алдында өртемек болды…»

    Ақтөбе облысында су тасқынан өңірді қоқыс басып қалды

    Фариза

    Шу ауданында 13 мың гектардан аса аумаққа пияз егілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.