Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Балалар ауруханасы жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

    Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті, деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.Компания басшылығы ИВЛ аппаратын Германиядан арнайы тапсырыспен алдырған. Мұндай медициналық аппарат жансақтау бөліміндегі ауыр халдегі науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар.

    Қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділова ұжым атынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на алғысын білдірді.Айта кетейік, «Асар» шағынауданындағы балалар ауруханасы — қаладағы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсететін көпбейінді емдеу мекемесі. Мұнда дәрігерлер күнделікті жедел жәрдеммен жеткізілетін 200-ден аса балаға медициналық көмек көрсетеді.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Шымкентте 9 инвестициялық жоба іске қосылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН БОЛДЫРМАУ МАҚСАТЫНДА БІРНЕШЕ ЖОБА ӘЗІРЛЕНГЕН

    Фариза

    Шымкентте жедел жәрдем қызметі толығымен цифрлық жүйеге көшті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.