-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордалық оқушының ғылыми жобасы патентке ие болды

    Сыр өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Зарина Айсауытова су тазалаудың жаңа тиімді әдісін ойлап тапты.

    Заринаның идеясы өндірістік қалдықтардан суды тазалау үдерісінде модификацияланған кальций силикатын қолдануға бағытталған. Жас ғалым судың сапалылығын жақсартатын адсорбенттерді бір сағат уақытта арнайы муфель пештерінде үлкен температурада өңдемей-ақ, қарапайым қысқатолқынды пеште небәрі 15 минутта даярлауға болатынын дәлелдеген.

    «Қазіргі уақытта белгілі су дайындаудың технологиялары, оның ішінде кең таралғаны – седиментация және сүзу – қажетті сападағы суды алуға және табиғи су қоймаларының тазалығын сақтаудағы санитарлық талаптарға сай келе бермейді. Біз кальций силикатын темір катиондарына әрекет ету арқылы судың сапалылығын жақсартуға болатынын көрсеттік», – дейді Зарина.

    Зарина бұл жұмыспен екі жылдан бері айналысып келеді. Жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Марат Сыздықбаевпен бірге мектептің зертханасында өнімдердің физика-химиялық қасиеттеріне талдау жасады. Өңірдегі Қорқыт Ата атындағы университет зертханасында инфрақызыл-спектр және электронды зерттеу әдістерін қолдану арқылы адсорбенттің ерігіштігі мен кеуектілігіне сараптама жүргізді. 

     «Бұл экономикалық және экологиялық тиімді әдіс. Себебі, мұндай технологиямен тазаланған суға энергия аз жұмсалады», – дейді жоба жетекшісі Марат Сыздықбаев. 

    Оқушы мен мұғалімнің бұл еңбектері бүгінде пайдалы модель ретінде танылып, ұлттық зияткерлік меншік институты тарапынан патентке ие болды. Мектеп мақтаныштарының алдағы мақсаты – бұл жобаны өндірістік орындарға ұсыну арқылы іске асыру.

    қатысты посттар

    Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті

    Фариза

    Көпбалалы аналар мен ардагерлерге жеңілдік беріледі

    Фариза

    Қызылорда стационарларын ПТР тестпен қамтамасыз етуге 60,1 млн теңге бөлінді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.