-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тоқаев мораторий күшін жойса да жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты

    Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды, бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін енгізуі тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар, шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Бәсекеге қабілетсіздік — импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осы да. Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқық сақталады.

    Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл — жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу керек.

    Тағы бір маңызды мәселе. Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормасына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды, бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін енгізуі тиіс», — деді Президент Қазақстан халқына жолдауында.

    Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді қысқартуды тапсырды.

    Президент жолдауын республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, радиостанциялар тікелей толқында таратты.

    қатысты посттар

    Тоқаев мемлекетіміздің атауын өзгерту туралы айтты

    Фариза

    Мұхтар Жәкішев шартты түрде бостандыққа шықты

    «Соттар және Сот төрелігі» заңы Тоқаевтың реформасына бағынбайды (фото)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.