Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    “Дұнғандардан кешірім сұрауға намыстарың жібермесе, ендеше мен дайынмын” – журналист

    Журналист Гүлжан Ерғалиева қазақ халқы, оның ішінде билік, үкімет, қоғам – дұнғандардан кешірім сұрауы керек дейді. Бұл ойын журналист әлеуметтік желідегі парақшасында ортаға салды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

    Оның айтуынша армяндар Қарағандыда қазақтың өліміне себепкер болғанда, армян диаспорасы күллі қазақ халқының алдында кешірім сұраған. Осы арқылы өзінің саналы, арлы ұлт екенін дәлелдеген.

    “Қазақтар дұнғандарға қол көтеріп, дүниені төңкерген тұста, біздің депутаттар да, билік те, қоғам да осы бір ат төбеліндей ұлттан кешірім сұраған жоқ.

    Бұл оқиға қазақтың сүйегіне таңба.

    Мұны көрген болса, бабалар не дер еді? Қауқарсызға қол көтермейтін ата-бабаларымыз бүгінгі ұрпағы секілді өзінен әлсізге әлімжеттік жасап, үйін өртеп, еркек кіндіктісін тентіретіп жібермес еді. Керісінше, кешірім сұрар еді.

    Жә, бұлай жасауға намыстарың жібермесе, ендеше мен дайынмын.

    Мен Қазақстан азаматы, Гүлжан Ерғалиева – Қазақстандағы дұнған диаспорасынан кешірім сұраймын. Қаза болған жақын-жұрағатына қайғырып көңіл айтамын.

    Сіздерді қорғай алмаған біздің биліктің бейқамдығы мен жауапсыздығы үшін кешірім өтінемін. “Ақтабан шұбырындыға” ұшыраған дұнғандар трагедиясынан кейін елде қаралы күн жариялануы керек еді.

    Мемлекет өз тарапынан зардап шеккендерге өтемақы төлеп, осынау заңсыздыққа жол бергендері қатаң жазалауы тиіс.

    Бұдан кейін мұндай сорақылықтың қайталанғанын қаламаймын. Бұл бәрімізге сабақ болуы тиіс. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпын”, – дейді Гүлжан Ерғалиева.

    қатысты посттар

    Маска жоқ деген халыққа Біртановтың бар айтқан сылтауы: “Сау адамға қажет емес” (видео)

    Ауыл әкіміне үміткерлердің кейбірінің дипломы жалған болып шыққан

    Фариза

    Тоқаев Қордайдағы қырғын үшін Жамбыл облысындағы басшыларды қызметінен босатуды тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.