-11.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАҒЫ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

    Шымкенттегі провизорлық стационардың бірінен вирустық инфекцияға шалдыққан соңғы науқас жазылып шықты.    Қала тұрғыны Тастанова Мақпал  Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына 19 тамыз күні жедел жәрдем қызметімен жеткізілген.  Тексеру барысында науқаста екі жақты вирустық пневмонияның бары анықталған. Дәрігерлер науқастың жағдайын байқап, бірден ем-дом шараларын жүргізген. Денсаулық жағдайы жақсарған көп балалы ананы дәрігерлер бүгін арнайы стационардан  шығарып салды. 

    «Орталықтың  барша дәрігеріне алғысым шексіз. Балаларымды қатты сағындым. Енді отбасыммен аман-есен қауышатын болдым», — дейді көп балалы ана. 

    Айта кетейік, Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы жұқпалы дерт өршіген тұста прозизорлық стационар ретінде жұмыс істеді. Бүгінге дейін провизорлық стационардан  400-ге жуық науқас дертінен айығып  шыққан. Енді медициналық ұйым 1 қыркүйектен бастап инфекциялық стационар ретіндегі міндетін аяқтап, штаттық режимдегі жұмысын бастайтын болады.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Тараз қаласының автопаркі жаңа автобустармен толықты

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі күн электр станциясының құрылысы барысымен танысты

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметтің 86 проценті электронды түрде көрсетіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.