-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдық мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында «Премьера» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған кешен бес қабатты екі тұрғын үйден тұрады. Онда жалпы 80 пәтер бар.

    Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа қоныс берекесі мен ырысы мол үлкен ордаға айналуын тілеп, қала тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады.

    «Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Мәселен, өткен жылы тек «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 298 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, осы жылы 104 үй пайдалануға беріліп, 5800 отбасы жаңа пәтерге ие болады»,- деді қала әкімі. 

    «Премьера» тұрғын үй кешені «Нұртас» шағын ауданында орналасқан. Керамикалық кірпіштен салынған тұрғын үй кешенінің қасбетін әрлеуге травертин қолданылған. Бұл өз кезегінде кешенге классикалық көрініс береді. 

    Нысан «Бәйтерек  ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының бақылауымен салынды. Құрылыс кезінде 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. 

    Мұндағы пәтерлерді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның барлық бағдарламалары және «7-20-25» арқылы сатып алуға болады.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Шымкентке 800 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады

    Фариза

    Таразда 45 отбасы баспаналы болды

    Фариза

    «Таразға тарту» жобасы аясында бірден бірнеше нысан пайдалануға берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.