15 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    «Shymkent invest» кеңсесі 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету тапсырмасы негізінде құрылған «Бизнеске арналған үкімет-Shymkent INVEST» кеңсесі аз уақыт ішінде 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен.

    Атап айтқанда, әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы бойынша 1 пайыздық жеңілдетілген несие алу үшін 427 азамат өтініш берген. Нәтижесінде жалпы құны 98 млн. теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданған. Ал «1000 сауда орны» бағдарламасы аясында жер учаскелерін алу бойынша 200-ге жуық азаматқа кеңес берілсе, мемлекеттік грант алу бойынша 104 адам өтініш білдірген. Сонымен қатар, 500-ден астам кәсіпкерге қаржылай емес қолдау көрсетіліп, мамандардың көмегімен бірнеше жоба әзірленді. 

    Фронт-офис кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша жан-жақты қызмет көрсетіп, нәтижелі жұмыс атқарып келеді.

    Мұнда кәсібін ашқысы келетіндердің барлық сұрақтарына жауап беріледі. Мамандар жеңілдетілген несие алу, сауда орындарын іске қосу, индустриялық, көлік-логистикалық, агро-индустриялық және арнайы – экономикалық аймақтардан жер телімін алу сынды мәселелер бойынша кеңес беруге дайын.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Бесқарағай ауданы мен Тассай ауылындағы мектептің оқушыларына виртуалды-интерактивті лабораториялық жұмыстар істелетін кешенді тарту етті

    ШЫМКЕНТ: ҚАЗНЕТТЕ ТАРАЛҒАН БЕЙНЕЖАЗБАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ

    Фариза

    Қоймаң болса қор болмайсың

    Пікір қалдыру

    eleven − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.