-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    «Shymkent invest» кеңсесі 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету тапсырмасы негізінде құрылған «Бизнеске арналған үкімет-Shymkent INVEST» кеңсесі аз уақыт ішінде 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен.

    Атап айтқанда, әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы бойынша 1 пайыздық жеңілдетілген несие алу үшін 427 азамат өтініш берген. Нәтижесінде жалпы құны 98 млн. теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданған. Ал «1000 сауда орны» бағдарламасы аясында жер учаскелерін алу бойынша 200-ге жуық азаматқа кеңес берілсе, мемлекеттік грант алу бойынша 104 адам өтініш білдірген. Сонымен қатар, 500-ден астам кәсіпкерге қаржылай емес қолдау көрсетіліп, мамандардың көмегімен бірнеше жоба әзірленді. 

    Фронт-офис кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша жан-жақты қызмет көрсетіп, нәтижелі жұмыс атқарып келеді.

    Мұнда кәсібін ашқысы келетіндердің барлық сұрақтарына жауап беріледі. Мамандар жеңілдетілген несие алу, сауда орындарын іске қосу, индустриялық, көлік-логистикалық, агро-индустриялық және арнайы — экономикалық аймақтардан жер телімін алу сынды мәселелер бойынша кеңес беруге дайын.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Экономиканы қайта қалпына келтіру бағытында Сыр өңіріне жаңа инвестициялар тартылуда

    Фариза

    Жамбыл ауданында екі жылда 130 көше асфальтталған

    Фариза

    Қызылорда: Палата 7 жылда кәсіпкерлердің 5 млрд. 928 млн. теңгесін сақтап қалған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.