Среда, 19 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    COVID-19: Украина Сыр еліне көмек көрсетті

    Украинадан Сыр Еліне гуманитарлық көмек келді. Аймағымызға «Kusto Group» компаниясы Украинадағы Қазақстан елшілігінің қолдауы арқылы медициналық дәрі-дәрмек қорын жеткізді.

    Гуманитарлық көмек құрамында емдеу мекмелеріне қажетті 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісі мен 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісі әкелінген.
    Бұл дәрі-дәрмек қоры облыстағы барлық емдеу ұйымдарына сұранысына қарай бөлініп, таратылды.

    Атап айтсақ, 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісінің барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына берілсе, 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісінің 350-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына, 360-ы Арал ауданаралық ауруханасына, Қазалы ауданаралық ауруханасына 360 қорап, Қармақшы аудандық ауруханасына 360, Сырдария аудандық ауруханасына 360, Жалағаш аудандық ауруханасына 360, Шиелі ауданаралық ауруханасына 360, Жаңақорған ауданаралық ауруханасына 360, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына 360 қорап таратылды.

    қатысты посттар

    Қазақ қызын шешіндірген атышулы Назар Роллан бұл жолы өзі киімсіз қалды (видео)

    Жоғалғанына үш күн болған жүкті келіншекті полиция қызметкерлері әлі де таппай жатыр

    Арал теңізінің құрғап қалған бөлігіне екі жылда 5 млн түп сексеуіл егілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.