-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысының балық өнімдері 7 мемлекетке экспортталады

    Қызылорда облысының балық өнімдері әлемнің 7 мемлекетіне экспортқа шығарылуда. Бұл туралы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәлімдеді.

    Сыр өңірінде балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі мен 207 көл тізімге енгізілген. Жергілікті азаматтар аталған су айдындары арқылы балықтың 18 түрін аулауға көңіл бөліп отыр. Өңірде жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыты бар. Олардың арасында 4-і еуропалық сапа стандартына сәйкестігін растайтын «Еурокод» санын алуға қол жеткізді.

    «Биыл алғашқы жартыжылдықта 2 930 тонна балық ауланған. Ол өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артық. Жыл басынан бері 2 682 тонна балық өнімді 7 шет мемлекеттерге экспортталған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға өсті. Аралдың балық өнімдері Ресей, Қытай, Германия, Польша, Нидерланды, Грузия, Литва елдеріне нарыққа шығарылуда», – дейді Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары.

    Аймақта балық шаруашылығының дамуына алғашқы кезеңі жүзеге асқан «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының пайдасы ұшан-теңіз. Ендігі кезекте Көкарал бөгетіне келетін суды жинақтауды жолға қою ойластырылуда. Жобаның екінші екінші кезеңінде су көлемін молайту жоспарланып отыр. Нәтижесінде ол өңірдегі балық шаруашылығының дамуына өз ықпалын тигізеді.

    Жалпы, Көкарал бөгеті аймақтағы балық шаруашылығының дамуына оң жағдай туғызды. Соның нәтижесінде бүгінде балық аулау көлемі 0,4 мың тоннадан 7 мың тоннаға дейін артты. Сондай-ақ, ол бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге қолайлы жағдай жасады.

    Айта кетейік, теңіздегі судың көлемі 15,6 млн текше метрден 27,1 млн текше метрге дейін ұлғайған.

    Қазіргі таңда Арал балықшылары жылына жеті мың тоннадай балық ауласа, оның екі мың тоннасын экспорттайды.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова мұнай-газ саласы қызметкерлерімен кездесті

    Фариза

    Тоқаев карантинді тағы 2 аптаға ұзартуды тапсырды

    Фариза

    Сағынтаевтың назарына: әкімдік қызметкерінің кісі өлтіргені рас па?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.