26 C
Алматы
Суббота, 13 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДЕ БАРЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРДІ ҚАРАСТЫРАМЫЗ

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің онлайн қабылдауына жазылған ерлі-зайыптылар тұрғын үй саласы бойынша мәселесін ортаға салды. 

    Олардың айтуынша кезегі жетіп мемлекет тарапынан беріліп жатқан 2 бөлмелі пәтердің отбасы мүшелері үшін тар болатынын жеткізді. Сонымен қатар, үйдің отағасы әйелі Алимханова Динаны мүмкінді шектеулі азаматтар тобына кіргізу жөнінде өтінішін білдірді. 

    «Қазіргі таңда үш бөлмелі пәтерлердің бос болмауына байланысты, Сіздерге екі бөлмелі пәтер ұсынылған болатын. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін тұрғынүйлерден отбасыңыз үш бөлмелі пәтер кілтін алатын болады. Өкінішке орай, мемлекет тарапынан төрт не одан көп бөлмелі пәтерлер салынып жатқан жоқ. Біз тұрғындар үшін заң аясында барлық мүмкіндікті қарастырамыз», — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

    Сонымен қатар, онлайн қабылдау барысында жер құжаттарын рәсімдеу, бизнес жоспарына қолдау білдіру сынды мәселелер көтерілді.

    Мұрат Әйтенов тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, өз бақылауына алғанын айтты.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткішті жақсарту мақсатында 16 жоба іске асырылады

    Фариза

    «Ауыл – ел бесігі»: Жамбылда 351 маманға бірреттік жәрдемақы төленген

    Фариза

    ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 26 АУЫЛ АУЫЗСУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.