5 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Мұрат Әйтенов белгілі ақын Әкім Ысқақты қабылдады

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ақын, сазгер, мемлекет
    және қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен кездесті.

    Кездесу барысында шаһар басшысы Елбасы ұсынған рухани жаңғыру —
    бүгінде ұлттық идея деңгейіне көтерілгенін, мемлекет қоғамның рухани-
    мәдени дамуына айрықша назар аударып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ,
    Мұрат Әйтенов ұлттық кодты сақтау мен мәңгілік ел мұраттарына қол
    жеткізуде шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің маңызды рөл
    атқаратынын атап өтті.

    —Сіз қазақ поэзиясы мен сатирасына елеулі еңбек сіңірдіңіз. «Қарлығаш»,
    «Гүл қауызындағы тамшы», «Күн ұлымы» атты жыр жыйнақтарыңыз бен
    әсем әндеріңіз көпшілікке кеңінен танымал. Сонымен қатар Сіздің
    «Абзалдық әліппесі», «Жүректегі жазулар» сынды туындыларыңыздың
    тәрбиелік мәні зор, — деген Мұрат Дүйсенбекұлы ақынды асқаралы 60 жасқа толуымен құттықтап, оған шалқар шабыт пен зор денсаулық тіледі.
    Айта кетейік, бүгін қаладағы Абай атындағы орталық кітапханада Әкім
    Ысқақтың 60 жылдығына арналған «Мөлдірейді жүректегі жазулар» атты
    кездесу кеші мен кітап көрмесі өтті.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Таразда бір күнде бірнеше нысан ел игілігіне берілді

    Фариза

    Өңірді өркендету – ортақ міндет

    Жамбыл облысының азық-түлік бағасын реттеу тәжірибесі өзгелерге үлгі ретінде ұсынылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.