17 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында Абайды ұлықтауға арналған 600-ден аса шара өтті

    Қызылорда облысында жыл басынан бері сала бойынша түрлі форматта 8 мыңнан аса мәдени онлайн іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 8 республикалық, 40 облыстық онлайн конкурс, фестивальдер ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.

    «Өздеріңізге белгілі биыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Абай Құнабайұлының 175 жылдығы, Ұлы жеңістің 75 жылдығы. Осы айтулы күндерді атап өтуге арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес ауқымды шаралар өткізілді. Атап айтсақ, Е.Төлеубайдың «Абай» трагедиясы, «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы, Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық музейінің Қызылорда қаласында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты жылжымалы көрмесі, жалпыреспубликалық «Музейлер шеруі» акциясы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Абай музейде» танымдық шарасы ұйымдастырылып, «Абай әлеміне саяхат» атты абайтану бұрышы ашылды. Жалпы бүгінге дейін ұлы ақынның мерейтойына арналған облыс бойынша 612 іс-шара өткізілсе, оның 508-і онлайн форматта ұйымдастырлды», – деді Мира Рахымжанқызы.

    Сондай-ақ, шаралардың барлығын Youtube желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналынан барша көрермендеріміз тамашалап отыр.

    қатысты посттар

    СЫР ӨҢІРІНДЕ ТІЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА «ТІЛДІ СҮЮ-ТАЛБЕСІКТЕН» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    Фариза

    “Жауым емес” Жанболат Ағаділді өлтіріп алған жігіт кешірім сұрады

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, мәселелерін тыңдады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.