-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    COVID-19: Қызылордадағы түзету мекемесінде 50 мың маска тігілді

    Елдегі эпидемиялық ахуалға байланысты Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілер да өз үлестерін қосып, бетперде тігіп жатыр.

     Бұл бетперделерді ЗК-169/5 мекемесінің аумағындағы «Еңбек – Қызылорда» РМК филиалының тігін цехында арнайы кәсіби білімі бар жазасын өтеушілер тігуде. Қазіргі таңда 45-ке жуық сотталған екі ауысымда бетперде тігіп жатыр. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бері 50 мыңға жуық көпреттік медициналық маска тігілді.

    Әр сотталушы әуел баста 5-10 маска шығарса қазір күніне 50-60 бетперде әзірлейді. Ал тәулігіне 2 мың дана тігіледі. Медициналық маскалар облыстағы мекемелердің тапсырысы негізінде дайындалып жатыр. Мұнан бөлек жазасын өтеп жатқандардың да қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, арнайы қорғаныс заттары беріледі.

    ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Асқар есімді азамат тігінші мамандығын оқып, дипломын алған. Бүгінде мекеменің өндірістік аумағындағы «Тігін цехында» жұмыс істейді.

    «Осындай қиын уақытта «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халыққа қолымен келген көмегімді аянып жатқаным жоқ. Бір масқаны тігу үшін небәрі 5-10 минут уақыт кетеді. Күніне 50 дана бетперде тігемін. Айлық жалақымызды уақытылы алып отырмыз. Еліміз осы індетті жеңіп, мен де отбасыма аман есен оралсам деймін», – дейді Асқар есімді жазасын өтеуші.

    қатысты посттар

    Сыр елінде «Зекет» қоры мұқтаж жандарға 25 пәтер табыстаған

    Фариза

    «Қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерді құтқару қиындап жатыр» Министр мәлімдеме жасады

    Қазақстанда жүктілік пен босануға байланысты жәрдемақы көлемі ұлғаюы мүмкін

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.