14 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентке ҚР денсаулық сақтау вице-министрі мен сенаторлар келді

    Бүгін Шымкент қаласына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және ҚР ПарламентіСенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайындасөйлесті. 

    Сондай-ақ, олар Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы ситиуациялық штабтың жұмысымен танысты. Қала басшысы онда жұқпалы дертпен күрестеәкімдік тарапынан атқарған жұмыстар жайлы айтып, болашаққа жасалған жоспарларымен бөлісті. Ал АжарҒинаят күзгі және қысқы маусымдық инфекциялық аурулардың өршуіне жол бермеу, карантиндік шектеулердің алынуы кезіндегі жұмыстарды жүйелеу жөнінде сөз қозғады. 

    «Егер, күзде індеттің екінші толқыны басталар болсақаладағы барлық медициналық мекемелердің резервіндетөсек-орындар мен 2 айлық дәрілік заттар қоры бар. Оданөзге, эпидемиолог дәрігерлердің біліктілігін арттырумақсатында арнайы семинарлар ұйымдастырылып, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр» – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а ТимирханВарзилов. 

    Сонымен қатар, Ажар Ғиният дәрігерлермен онлайнбайланысып, пікірлерін тыңдап, жұқпалы індетпен күресте ерлік танытқан әріптестеріне алғыс айтты. 

    «Шымкент қаласында инфекцияның таралу деңгейі төмендегенін көрдім. Бұл індет тек елімізге ғана емес, әлемге төнген қауіп болды. Осы тұста аянбай еңбек етіпжатқан баршаңызға министрлік атынан алғысымды білдіремін» – деп атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. 

    Шымкентте 14 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны – 5134, оның ішінде 4285 науқас індетінен жазылған. Провизорлық орталықтарда 2810 төсек-орын бар болса, бүгінде оның 84 пайызы бос. 211 мобильді топ 22 376 науқастың үйіне барып алғашқы медициналық көмек көрсетті.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент қаласына пневмония мен COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

    Фариза

    Бұқтырманың жағалауы үздік елулікке еніп отыр

    Шымкент: Мұрат Әйтенов азаматтарды онлайн қабылдады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.