26 C
Алматы
Сенбі, 18 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Мәйітін арулап жерлейтін мұсылман еліне 1 жарым миллиардқа крематорий салудың қажеті қанша?!

    Астана қаласында 1 миллиярд 519 миллион 285 мың теңгеге мәйітті өртейтін крематорий салынбақшы. Бұл қалай? Біз өлігін өртейтін Үндістан емеспіз. Мәйітін арулап жерлейтін мұсылман елінде мұнша қаражат шашып крематорий салудың қажеті қанша?!

    Жерлеу –  біздің мәдениетіміз, дініміз. Еліміздегі тарихи зираттарға қарап, жердің иесі екенімізді білеміз. Әруақ сыйлау біздің қасиетіміз. Осынау байтақ далада мәйітті жерлеуге орын жетпейді деу ақылға сыйымсыз.

    Әрине, мына заманда жерлеуді белгілі бір стандарттарға келтіру қажет. Бай болсын, кедей болсын бөлінетін жердің мөлшері шектеулі болуы керек. Қалай болса, солай шашыраңқы, ыйқы-жыйқы бейіт тұрғызуды доғаруымыз қажет. Ысырап қылып зәулім-зәулім күмбезді зират тұрғызуды тоқтатуға тиіспіз. Жалпы зират аумағын ғана қоршап, белгі ретінде құлпы тасқа кісінің аты-жөні жазылса, жеткілікті. Мұның бәрін заңды түрде реттеуге болады.

    Мүфтият крематорий салуға ресми түрде өз позициясын білдіруге, зиярат тұрғызу, жерлеу тәртібін ұсынуға тиіс.

    Қайрат Жолдыбайұлы

    https://www.facebook.com/100011178488080/posts/1165352663847339/?d=n

    Фото: Azattyq-ruhy.kz

    қатысты посттар

    Алматыда бизнесмен Алмас Әбдіғаппаров қамалды

    Фариза

    Көпшілікке арналған монша харам (видео)

    Фариза

    Қазақстанда 159 мың теңге жәрдемақыға үміткер бір ғана отбасы бар

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.