13 C
Алматы
Воскресенье, 14 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Тарих

    ШЫМКЕНТТЕ АТАУЫ ЖОҚ КӨШЕЛЕРГЕ 2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 100 ПАЙЫЗ АТАУЛАР БЕРІЛЕДІ

    Шымкент қаласында  мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер саласын дамыту масатында 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Онда 2022 жылға дейінқаланың құрамдас бөліктері мен атауы жоқ  және қайталанатын көшелерге толығымен жаңа атау беру жоспарланып отыр.

     

    Жобаны іске асыру барысында қаланың мәдениеті мен өнерін шетелдерге таныстыру үшін басқа өңірмекемелерімен ынтымақтастық меморандумдарын түзу қолға алынған. Бұл тұрғыда 2021 жылы «Түркі әлемінің Ұлттық Дельфий ойындары» өткізіледі деп күтілуде.

     

    Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мамандарының айтуынша, тұжымыдаманың іске асуынәтижесінде тұрғындардың мәдени іс-шараларға қатысуы 30%-ға артып, музейлер саны үшке, концерттік ұйымдар саны екіге, мәдениет сарайларының саны 12-ге дейінартады.

    Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың қол жетімділігіқамтамасыз етілген мәдениет нысандарының үлесі мен тұрғындардың мәдениет инфрақұрылымдарына қолжетімділігін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

    Бұдан өзге, тіл мәселесінде мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін – 94,3%, орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесін – 87,8%, ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін – 24,4% арттыру көзделген.

    Бұл тұжырымдамада қала тұрғындарының мәдени-тарихи, көркемдік-эстетикалық, рухани құндылықтарын жетілдірудегі негізгі бағыттар көрсетілген.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖҮГІНБЕЙ-АҚ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ ЖАЛҒАСАДЫ

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінің жұмысымен танысты

    Фариза

    Өңір медицинасының әлеуеті жоғары бағаланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.