-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдері артты

    Қызылорда облысында биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында 23,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 102,1 %-ға артты.

    Атап айтқанда, өңірде тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 6 айда 22,2 млрд теңгені
    құрап, өткен жылмен салыстырғанда 27,0%-ға көбейген. Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 971,9 млн теңге инвестиция салынды. Ағымдағы жылы облыс бойынша 183127 гектарға егiн егу межеленген. Бүгінгі күні облыста егін егу жұмыстары толығымен аяқталып, барлығы 184 739 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді. Бұл көрсеткіш өткен жылы 183,1 мың гектарды
    құраған болатын.

    Оның ішінде дәнді дақылдар 99248 гектарды, майлы дақылдар 5 631 гектарды, мал азықтық дақылдар 62335 гектарды, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 17 275 гектарды құрап отыр.
    Өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар 1736 гектарға, мал азықтық дақылдар көлемі 2094 гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 79 гектарға артса,майлы дақылдар 2242 гектарға азайды.

    Егісті әртараптандыру бағытында облыста алғаш рет перспективалы дақылдар
    қант құмайы 80 гектарға, соя 170 гектарға, жүгері дақылы 1507 гектарға дейін жеткізіліп,
    ылғал сақтағышаквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар богарлы жерлерге күздік бидай
    дақылы егілді.

    85 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынды

    Биыл көктемгі дала және егін егу жұмыстарына барлығы 3488 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Сонымен қатар 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, әр литрі 162 теңгеден босатылуда. Биылғы жылы да облыстың шаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 5 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды жоспарлап, бүгінгі күнге 2,8 млрд теңгеге 85 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

    Аймақта мал басы көбейген
    Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 маусымына 365,4 мың бас мүйізді ірі қара, 845,4 мың бас қой мен ешкі, 3,2 мың бас шошқа, 160,9 мың бас жылқы, 55,0 мың бас түйе және 113,2 мың бас құс тіркеліп, мал басын былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 4,1%-ға, қой мен ешкі – 3,0-ға, жылқы 8,8%-ға, түйе 6,0%-ға көбейсе, құстың басы 99,5%-ды құрады. Eсепті кезеңде 13,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 31,8 мың тонна сүт және 2 млн дана жұмыртқа өндіріліп, 2019 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,8%-ға, сүт өндірісі 2,2%-ға артты.

    Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ет өндіру – 2,8%-ға, сүт өндіру – 8,2%-ға артса, жұмыртқа – 34,6%-ға кеміді. (Шиелі ауданы – 49,1%-ға 608,4 мың данаға, Қызылорда қаласы 79,9%-ға (506,9 мың данаға).

    Күріш 10 мемлекетке экспортталады

    Ағымдағы жылдың 1 мамырына облыстан 13,9 млн долларды құрайтын 38,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (балық, күріш, бидай қалдығы, қамыс) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен ақшалай мәнде салыстырғанда 116,7 пайызға (салмақ бойынша 133,7 пайызға артып отыр).

    Экспортталған өнімдер тізбесі толығымен өңделген өнімдерді құрайды. Барлық экспортталған өнімнің 93,8 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Түркмения және Ирак мемлекеттеріне экспортталды.

    Есепті кезеңге 36,6 мың тонна күріш (10,6 млн доллар) аталмыш мемлекеттерге экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 127,5 пайызға артып отыр.

    5 инвестициялық жоба іске қосылды
    Агроөнеркәсіп кешенінде ағымдағы жылы жалпы құны 10,3 млрд теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі күнге жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды.

    Атап айтар болсақ:
    – «АгроХимСервис» ЖШС-нің минералдық тыңайтқыштарды өңдеу зауыты
    жобасы, жоба құны 520,0 млн теңге;
    – «Қарабура Ата» ШҚ-ның қуаттылығы тәулігіне 60 тонна күріш ақтау зауыты»
    жобасы, жоба құны 60,0 млн теңге;
    – ЖК «KZO ET» 1000 басқа МІҚ арналған мал сою пункті және мал бордақылау
    алаңы жобасы, жоба құны 200,0 млн теңге;
    – «Алтын Қамба» ЖШС-нің сыйымдылығы 2000 тонна көкөніс қоймасын салу
    жобасы, жоба құны 508,2 млн теңге;
    – «Мақсат» ШҚ-ның 132 басқа арналған репродуктор шаруа қожалығын құру
    жобасы, жоба құны 66,0 млн теңге.
    Қазіргі таңда бұл жобалар жүйелі түрде жұмыс істеуде.

    қатысты посттар

    Атырау облыстық перзентханасында шақалақ жерге құлады — Бас дәрігер өз еркімен жұмыстан кетті

    Фариза

    Қызылордада биыл 6400 отбасы баспаналы болады

    Фариза

    Бақытгүл Хаменова қамауға алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.