-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Психолог пікірі: Шенеуніктердің жемқор атануына бірден-бір себепкер – әйелі

    Бүгін, 11 тамыз күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн брифинг ұйымдастырып, психологпен әңгімелесті. Брифинг «Мемлекеттік қызметшілердің жұбайлары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауына қалай әсер етуі мүмкін» деген тақырыпта өтті.

    Бұл сұраққа жауап берген Гүлбану Үмбетжанова «жалақысы аз мемлекеттік қызметшілерді жемқорлық қылмысына көп жағдайда, әйелдері итермелейтінін» айтты.

    «Әлеуметтік желілерде жемқорлық жасаған азаматтардың ұсталып жатқанын жиі естиміз. Осы мәселеде «Жақындарымыз бізге қалай ықпал ете алады?» деген сұрақ бар. Жақындарымыз бейсаналы түрде болсын, бізді заңбұзушылыққа итермелей алады дегенді оңай елестетуге болады. Олар мемлекеттік қызметте жүргендерді жемқорлық қылмысын жасауға итермелеуі мүмкін. Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы аз екені жасырын емес. Осыған байланысты, олар жақындары тарапынан қысым көріп, күйзеліске түседі. Әсіресе, жетістікке жеткен адамдармен салыстыру жағы қатты әсер етеді.

    Мәселен, мемлекеттік қызметкер үйіне келгенде, әйелінің тарапынан «Қалаймын, міндеттісің, осылай істеуің керек! » деген сөзді жиі естиді. Сондықтан, мемлекеттік қызметкер бұл сөздерден құтылатын жол іздейді. Ақша табатын амал іздейді. Және осы жерде әйелдері ерлерінің ақша ұрлауына ықпал етеді деп айтуға толық негіз бар», — дейді психолог.

    Гүлбану Үмбетжанованың айтуынша, мемқызметші үшін ең жақын адамы жемқорлыққа итермелейтін нысан болуы мүмкін.

    Дереккөз: Azattuq-ruhy.kz

    қатысты посттар

    Шымкентте 1 мамырдан бастап кәсіпкерлік нысандар жұмысын бастайды

    Фариза

    Алматыдағы ұшақ апаты. Ауруханадағы екеудің жағдайы туралы мәлімет жарияланды

    Фариза

    Ауылдарды қалаға қосу кезінде кәсіпкерлер зардап шекпеуі тиіс — депутат

    Пікір қалдыру

    eight + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.