22 C
Алматы
Сенбі, 18 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыда көпсалалы қызмет көрсету кешені салынуда

    Қазалы ауданының аумағынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»
    халықаралық автожолының бойынан тағы бір көп салалы қызмет көрсету кешенінің
    құрылысы жүріп жатыр.

    Аудан орталығы – Әйтеке би кентіне жақын жердегі «Қашқан су» көлінің
    жағасындағы 3 гектар аумақта қонақ үй, тамақтану орны, автотұрақ, автокөлік жуу
    орталығы және шағын маркет ашылып, жолаушылар мен тұрғындарға қызмет көрсететін
    болады. Жалпы құны 350 млн теңге болатын жобаны қолға алған жеке кәсіпкер Бақытбек
    Ерхатов.

    Жеке кәсіпкердің айтуынша, құрылыс жұмыстары аяқталып, жоба толық іске
    асқан кезде мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазалыда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік
    дәлізінің бойынан «Арзан Сити», «Мирас» кешендері, «Sinooil», «TS Қызылорда мұнай
    өнімдері» жанар-жағар май бекеттері пайдалануға берілген болатын.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында қашықтан білім беруге 222 мектеп толықтай дайын

    Фариза

    Сыр өңірінде бизнес түрін қайта бағыттаушылар саны көбеюде

    Фариза

    Қызылордада биыл 1 сыныпқа 18 423 бала қабылданды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.