-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үдерістерін жақсартуға бағытталған құқықтық түсіндіру жөніндегі Түркістан облысындағы дөңгелек үстел

    «Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2020-2021 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімінің 26 тармағын және «Тұтынушылардың электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үдерістерін жақсартуға бағытталған құқықтық түсіндіру жұмыстарының іс-шаралары» 3-тармағын жүзеге асыру мақсатында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментімен (бұдан әрі — Департамент) 2020 жылғы шілде айындаТүркістан қаласы, 037 кварталы, 3685 құрылыс (Департаменттер үйі) мекен жайында тұтынушылардың, ЖАО, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, энергия таратушы және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

     

    1. АЭҚжБК Түркістан облысы бойынша АД бөлім басшысы Д.С. Абдыхановтың «Doing Business» рейтингісі «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстанның орнын жақсарту жөніндегі реформалар» және «Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі» презентациясымен таныстырды.

    «ОЖТ» ЖШС өкілінің «Doing Business» рейтингісіндегі  Қазақстан орнын жақсартуға бағытталған «ОЖТ» ЖШС жасаған жұмыстары» және «ДЭФ БҚЖ индексі» тақырыбында баяндама жасады.

    «Энергопоток» ЖШС өкілінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу шараларын жақсарту бойынша «Энергопоток» ЖШС жүргізген жұмыстар туралы» және «ДЭФ БҚЖ индексі» тақырыбында баяндама жасады.

    Өткізілген дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Департаменттің, энергия таратушы және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкілдерімен электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібін және Қазақстан Республикасының электрмен жабдықтау сенімділігін жақсартуға бағытталған электрэнергетикасы саласындағы заңнамасының нормалары бойынша тұтынушылар жағынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісін субсиядиялау жалғасуда

    Фариза

    «Аяусыз жауыздықпен өлтірген» 40 мың теңге үшін әйелді 30 рет пышақтап кетті

    Қазалыда «Ауыл – ел бесігі» жобасы тиісті деңгейде жүзеге асып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.