7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сырдариялық шаруа қожалығы 800 гектар жерге күріш екті

    Сырдария ауданында «Қызылдихан» шаруа қожалығы диқандары қызу жұмысты жандандыруда.

    Диханшылар жаздың аптап ыстығына қарамастан егін егіп, оның бап-күтіміне кіріскен. «Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды» дегендей, қызылдихандық еңбекшіл қауым таңның атысы, кештің батысы егістік алқапта тынымсыз күй кешуде. Оған себеп те бар. Өйткені мол өнімнен үмітті диқандар кұт қамбаны алдын дәнге толтырғанша еш тыным таппайтыны анық.

    Биыл «Қызылдихан» шаруа қожалығы 1040 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын екті. Оның ішінде Сырдың басты дақылы – күріш 800 гектар жерге орналастырылды. Күріштікке «Лидер», «Ай-Керім» тұқымы себілді.

    Сондай-ақ биыл алғашқы рет тәжірибеде тұқымдыққа Қызылорданың «Сыр сұлуы» тұқымы алынып, егілді. Одан бөлек 200 гектарға ескі жоңышқа, 40 гектар жерге жаңа жоңышқа орналастырылды.

    Қазіргі таңда күріш толық суға бастырылды. Егінді қоға, қамыс, күрмектен қорғау мақсатында гирбицид себілді.

     

    қатысты посттар

    “Ифтар” емес ауызашар дегеннің не ыңғайсыздығы бар?

    “Ұстап көрдің бе?” деді”: 16 жастағы қыз имамның жағаұстатарлық қылықтарын айтты

    Гүлшара Әбдіқалықова облыстағы БАҚ өкілдерімен кездесіп, өңірдегі негізгі мәселелерді талқылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.