8 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Тарих

    Шымкент: 2021 жылы Асар-2 шағын ауданы толығымен ауыз сумен қамтылады

    Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтардыонлайн қабылдау барысында айтылды.  Қабылдауғажазылған қала тұрғыны Минтаева Гуля Асар-2 шағынауданына ауыз су жүйесін тарту мәселесін қозғады.

     

    «Біздің шағын ауданның тұрғындар 7 жылдан бері ауызсуды тасып ішеді. Аптасына бір рет келетін су тұрыпқалады. Бұл денсаулыққа зиян келтіруде. Ең бірінші осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз» – деген Гуля Спатайқызы аумақ тұрғындарының атынан келгенінжеткізді.

     

    Бұл мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықбасқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов «Асар-2» тұрғындарын сапалы ауыз су жүйесіменқамтамасыз ету мақсатында осы жылдың маусым айындақұрылыс жұмыстары басталғанын баяндады.   Оныңайтуынша, жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Биылға 350  млн теңге бөлінген. Бекітілген қаржыға жылдың соңынадейін 1 мектеп және 300 тұрғын үй ауыз су жүйесінеқосылады екен.

     

    -​«Асар-2» елдімекенін ауыз сумен толық қамтасызетуге 1,5 млрд теңге қаржы керек. Бүгінгі таңда бюджет жылдың басында бөлінетін болғандықтан, аудандытолығымен ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары уақытша тоқтап тұр.  Алайда, ақшаны үнемдеп, тиісті жұмыстардыжүргізуге бағыттаудың тиімді тұстарын қарастырамын. Бұлмәселе келесі жылы толық шешімін табады» – деді МұратӘйтенов.

     

    Сондай-ақ, сала басшысына ауыз су жүйесін тартудыңжоспарын қайта қарап шығу жөнінде нақты тапсырма берді.

     

    Кезекті өткен онлайн қабылдауда бұдан өзге, Таскен, Тұраншағын аудандарындағы күрмеуі шешілмеген мәселелеркөтерілді. Оған қала басшысы барлық мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін, жеке бақылауында екенін айтты. Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер бойынша ауданәкімдері мен басқарма басшыларына тиісті жұмыстардыатқару үшін тапсырмалар жүктеді.

    Г.  ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    В Семее с начала года за нарушение правил благоустройства привлечены свыше 1200 горожан

    Сыр жастары арасында онлайн форматта спорттық жарыстар ұйымдастырылуда

    Фариза

    Ұлы ақынның мерейтойына дайындық басталып кетті

    Пікір қалдыру

    three × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.