-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында Байқоңыр қаласын дамыту мәселесі қаралды

    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президентінің
    «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қаматамасыз ету басқармасының
    басшысы Жасұлан Абатовты қабылдады. Қабылдау барысында Ж.Абатов Байқоңыр
    қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады.

    Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында 77 299 адам тіркелген, оның ішінде 49 541-і –
    ҚР азаматтары.

    ​«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасына» сәйкес
    Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай елді мекендерінде электр желілерін
    реконструкциялау, көшелерді жөндеу және жарықтандыру, білім беру мекемелерін
    ағымдағы жөндеу бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Жаңадан 610 жұмыс орны ашылып, оның 306-сы Байқоңыр қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы тартылды.

    ​Бүгінгі таңда Байқоңыр қаласында 12 білім беру ұйымы жұмыс жасауда, оның
    ішінде 5 – ҚР білім беру стандарты бойынша, 7 – РФ білім беру стандарты бойынша.
    Оқушылардың жалпы саны – 9 337. Байқоңыр қаласы әкімшілігінің қарамағындағы және
    РФ білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейтін мектептерде 3 944 оқушы оқиды,
    оның ішінде 1 439-ы (36,5%) – ҚР азаматтары. Қазақстандық білім беру стандарттары
    бойынша мектептерде 5 393 оқушы білім алуда.

    Қалада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты «Байқоңыр
    қаласының көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында 120 төсек-орынға арналған
    провизорлық стационар ашылып, 10 өкпені жасанды желдету аппаратымен (ӨЖЖ), 34
    оттекті концентраторлармен, қажетті дәрілік заттармен жабдықталған.​
    Ақай ауылдық округі, Төретам кенті, Байқоңыр қаласының 488 көп балалы және
    аз қамтылған отбасыларына 4,4 млн. теңге (4 434,3 мың теңге) көлемінде азық-түлік
    себеттерін тарату ұйымдастырылды, сондай-ақ «Біргеміз» республикалық қорынан
    Байқоңыр қаласының 704 тұрғынына 35,2 млн. теңге (35 200 мың теңге) көлемінде көмек
    көрсетілді.

    Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық
    қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың шығыстарын өтеу Қағидаларына сәйкес
    Байқоңыр қаласында call-орталық ашылды, коммуналдық қызметтерді өтеуге құқығы
    тұрғынның қатарынан бар 2083 тұрңынның және онымен бірге тұратын отбасы мүшелері
    тізімі жасақталып, сәуір, мамыр айларына 62,2 млн. теңге (62 420 мың теңге) төленді.
    Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Байқоңыр қаласының 2020 жылға арналған
    әлеуметтік-экономикалық дамуының жол картасы» әзірленіп, ҚР Премьер-Министрінің
    орынбасары, «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық
    комиссиясының тең төрағасы Р.В. Скляр бекітті.

    «Жол картасы» әлеуметтік-экономикалық дамуға және тұрғындардың өмір сүру
    деңгейін арттыруға, Байқоңыр қаласында тұратын ҚР азаматтарының тұрғын үйді
    жекешелендіру мәселесін шешуге, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің қарамағындағы
    мемлекеттік жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі» және
    «Қазақ әдебиеті» пәндерін зерделеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ Байқоңыр қаласының
    инфрақұрылымын қайта жаңартуға, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін жаңғыртуға
    және Байқоңыр қаласында жаңа тұрғын үй салуға бағытталған жобалар мен
    бағдарламаларын іске асыруға бағытталған тоғыз түрлі іс-шарадан тұрады.

    «Байқоңыр қаласын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын» іске асыру
    бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ «Байқоңыр» кешені жөніндегі кезекті
    үкіметаралық комиссияның күн тәртібіне енгізу үшін мәселелер пысықталуда.

    Облыс әкімі нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, коронавирусты алдын
    алуда төсек орындарды көбейту, дәрі дәрімек қорын молайту, емдеу мекемелерінің
    жұмысын жетілдіру жүктеді. Сонымен қатар «Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық
    комиссияның кезекті отырысына ұсынылатын сұрақтарды нақтылауды және тиісті
    ұсыныстарды пысықтау қажеттігін атап өтті. Әсіресе, қала тұрғындары, ҚР
    азаматтарының пәтерлерін жекешелендіру мәселесін жетілдіруді тапсырды.
    Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдер уақытылы және мерзімінде төленуін,
    жалпыэкономикалық әлеуметтік жағдайды бақылауға алу керектігін атап өтті.

    қатысты посттар

    Жәрдемақы алған көпбалалы аналардың ақшасын қайтарып алғалы жатыр

    Фариза

    Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын — Президент

    Фариза

    Қызылорда қаласында бақша дақылдарын өсірушілер көбейіп келеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.