11 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 200-ге жуық карантин талаптарын бұзылу фактілері анықталды

    «Қызылорда облысында бүгінгі күнге дейінкоронавирус инфекциясының 3143 жағдайытіркелді. Оның ішінде клиникалық белгілерімен 1754 науқас және клиникалық белгілерінсіз 1389жағдай анықталды», – деп хабарлайды Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

    Жүргізілген талдауларға сәйкес коронавирус инфекциясы бойынша барлық тіркелген жағдайдың 61 сырттан тасымалданған, қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар саны – 1281,  скрининг арқылы анықталғандар     1801 құрап отыр.

    COVID-19 індеті облысқа қарасты барлық ауданда  тіркелуде. Соның ішінде басым көпшілігі, яғни 1892 жағдай Қызылорда қаласының үлесінде.

    Коронавирус инфекциясын жұқтырудың жоғарғы көрсеткіші 20 жастан 69 жас аралығындағы азаматтар арасында жиі тіркеліп отыр. Бұл әлі де болса жастардың ойын-сауық басқосуларының жалғасып, карантин режиміне қарамастан үлкен кісілердің ас беру, үй жағдайында той, беташар өткізу секілді көпшілік іс-шараларына баруы тыйылмай отырғандығын көрсетеді. Наурыз айында облысымызда эпидемиологиялық  ахуалдың өршіп, инфекция жұқтырудың топтасқан жағдайлары осындай жиын-тойлардың себебінен орын алған болатын.

    Қойылған шектеулер мен карантиндік шаралардың сақталуын бақылау үшін құрылған мониторингтік топ бүгінгі күнге дейін 40-қа жуық той өткізген тұлғаларды анықтап, айыппұл салды. Сонымен  қатар мониторинг барысында шекті уақытқа қарамай, жұмысын жалғастырған бірқатартүнгі кафелер де анықталды. Ағымдағы жылғы 5 шілдеден бастап 1326 нысан рейдтік тексерістермен қамтылып, облыс бойынша жеке тұлғалар және бизнес субьектілері тарапынан 187 карантиндік талаптардың бұзылу фактілері орын алды. Нәтижесінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.

    Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қоғамдық орындарда, азаматтар көп шоғырланатын жерлерде міндетті түрде бетперде тағып, қарапайым гигиеналық нормаларға жіті мән беріп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысының әкімі медицина қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді

    Фариза

    2022 жылы Қазақстанда не қымбаттайды?

    Фариза

    Қызылордада орман алқабын қорғау мақсатында жол картасы әзірленді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.