17 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 12 мыңнан астам адамның зейнетақысы үйіне жеткізілді

    Қызылордада пандемия кезінде «Қазпошта» тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үйге
    жеткізіп беру қызметін ұйымдастырып, 12280 зейнеткерге қызмет көрсетті. Бұл туралы
    «Қазпочта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Аида Әбибуллаева
    мәлімдеді.

    «Зейнеткерге зейнетақысын тікелей үйге жеткізіп беру үшін арнайы құрылған
    байланыс орталығы арқылы өтінімдер қабылданып, жеткізу қызметін атқарушы 4
    мобильді топ жасақталды. Шұғыл желі телефондары арқылы 33 588 шот ашылды.
    Төтенше жағдай режимі басталғаннан бері 47 мың азаматқа 42500 теңге төленді, 57,8
    млн.теңге сомасына 34 850 бірыңғай жиынтық төлем қабылданды. Мұнан өзге, қала
    маңындағы елді-мекен тұрғындарына мобильді қызмет көрсету ұйымдастырылды», – деді
    Аида Ибрагимқызы.

    Қазіргі таңда барлық қызметтерді Post.kz порталы арқылы орындауға болады.
    Яғни бірыңғай жиынтық төлеу, мемлекеттік көмек алу үшін виртуалды карта ашу және
    басқа да қаржылық, пошта қызметтері көрсетіледі.

    Брифингте филиал директоры «Қазақстан азаматының әлеуметтік картасы»
    жобасы іске қосылғанын айтты. Қазіргі таңда, облыста 28000 әлеуметтік карта ашылса,
    оның 16000-ға жуығы зейнеткерге, 6000-ы бала күтіміне байланысты жәрдемақы, 6000-ы
    оқушыларға ашылды. Жоба аясында барлық әлеуметтік төлемдерді алушылар, мектеп
    оқушылары, студенттер әмбебап көп функционалды төлем карточкасын пайдалана алады.

    қатысты посттар

    Қарағандыда хайуанттар бағындағы қан-жоса тірі бұғы жұртты шошытты

    Фариза

    Армия халықаралық ойындары – 2020 аяқталды

    Фариза

    Қызылордада бағдарлама аясында 8 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.