-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ COVID-19 АУРУЫНАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚҚАН ТҰРҒЫНДАРДЫ ИММУНДЫ ПЛАЗМА ТАПСЫРУҒА ШАҚЫРАДЫ

    Облыстық қан орталығы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің 27 сәуір 2020 жылғы №256 «COVID-19 бар пациенттерді емдеу үшін иммундық плазманы өндірудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес облыста COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастардан иммунды плазма дайындауды бастады. Науқастан иммунды плазманы алар алдында оған COVID-19 инфекциясына қарсы қанында антиденелердің бар немесе жоқтығы тексеріледі. Көбіне антиденелер COVID-19 ауруының ауыр түрімен ауырған науқастарда болады.

    Бүгінгі таңда осы иммунды плазма 5 науқасқа құйылды. Облыс көлемінде COVID-19 ауруынан жазылып шыққан тұрғындарды иммунды плазма тапсыруға шақырамыз. Иммунды плазма ауыр халдегі науқастардың жазылып шығуына септігін тигізеді.

    COVID-19 ауруымен ауырып шыққан облыс тұрғындары осы инфекцияға қарсы иммунитеті бар немесе жоқтығын білгісі келсе, облыстық қан орталығында ақылы түрде тексерілуге болады.

    Иммунитеті бар облыс тұрғындары қалауы бойынша иммунды плазма тапсырып, оны ақылы түрде облыстық қан орталығының плазма банкісінде сақтап қоюына болады. Келешекте жоғарыдағы індетпен ауырған жағдайда өз плазмасын өзіне пайдалануға болады. Плазманың сақтау мерзімі — 3 жыл.

    қатысты посттар

    «Жас кәсіпкер»: Қызылорда облысында өз кәсібін ашқан жастардың қатары артуда

    Фариза

    ҚР заңдары туралы деректер базасы

    Фариза

    42 500 теңге алу үшін қайтадан бірыңғай жиынтық төлем талап етілмейді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.