-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Олжас Әбішев 127 млн теңге бюджет қаражат жымқырған болуы мүмкін – БАҚ

    2 тамызда Қаржы мониторинг комитеті Экономикалық тергеу қызметі өкілдері Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталғанын хабарлады. Айтуынша, ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazweek.kz Azattyk-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    3 тамызда Нұр-Сұлтан қалалық соты Олжас Әбішевтің екі айға қамауға алынғанын ресми түрде жариялады.

    Бүгін «Время» басылымы қамауға алынған вице-министрдің нақты не үшін ұсталғаны жайлы жазды.

    Айта кету керек, Олжас Әбішев 2018 жылы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған еді. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласына жауап берді.

    Басылымның жазуынша, Денсаулық сақтау министрлігі 2016 жылдан бастап ақпараттық жүйелерді өзара қосу және бірыңғай деректер базасын құру мақсатында бірыңғай интеграциялық платформа құруды қолға алды. Ведомствоның бұл бастамасын заманауи телекоммуникациялық өнімдерге мамандандырылған хорватиялық «Ericsson Nikola Tesla» компаниясы бірнеше жыл бойы соңына жеткізуге тырысты. Хорватиялық компаниямен 18 млн долларға келісім шарт жасасқан. Алайда, ақша төленгенімен, платформа әлі жұмыс істемейді.

    Экономикалық тергеу қызметі өкілдері анықтағандай, хорватиялық компанияға аударылған ақшаның соңғы траншы 2019 жылдың соңында кеткен. Экономикалық тергеу қызметі бұл жерде кем дегенде, 127 млн теңгенің жұмысы аяқталмаған деп есептейді. «Время» басылымы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген Олжас Әбішевтің ісіне дәл осы сома (127 млн теңге – ред.) негіз болуы мүмкін деп жазады.

    Сондай-ақ вице-министрге аталмыш  келісімшартты жасасқан кезде мемлекеттік сатып алу рәсімін бұзғаны үшін айып тағылған.

    қатысты посттар

    Кезектен сызамыз деді. Ақсуда көпбалалы аналарды жаман үйге мәжбүрлеп кіргізген

    Фариза

    Қызылордада әскери-техникалық мектептің түлектері ант қабылдады

    Фариза

    Қызылордаға өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнатылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.