-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Елордалық гарнизонда ПТР-зертханасы ашылады

    Аппараттық кеңес барысында Қорғаныс министрлігінің басшылығымен Оңтүстік өңірдің бөлімдері мен бөлімшелерін тексеру қорытындысы, сонымен қатар Қарулы Күштерді кадрлармен жасақтау мәселелері қарастырылды. Одан бөлек, нормативтік-құқықтық базасына өзгерістер енгізу және басқа да өзекті бағыттар талқыланды.

    Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әскерлерді үздіксіз даярлау процесі туралы ақпаратты тыңдады. Сонымен қатар, өткен аптада Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың басшылығымен Оңтүстік аймақтың бөлімдері мен бөлімшелеріне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде әскери қызметшілерге өздерінің жауынгерлік әзірліктері мен тиімділіктерін тағы дәлелдеулеріне тура келді.

    Жеке құрам танк, жауынгерлік машина, қарудан ату бойынша жақсы және өте жақсы деп бағаланып, дене дайындығынан да осал емес екендігін көрсетті.

    Бөлімшелердің өзара бірлескен жұмысы мен әскери қызметшілердің жоғары деңгейдегі ұстамдылықтары ескерілді. Сонымен қатар мерзімді әскери қызметшілер арасында жүргізуші мен механик-жүргізушілердің жетіспейтіндігі және олардың дайындық деңгейі жеткіліксіз екендігі атап өтілді.

    Одан бөлек, Министрдің тапсырмасы бойынша Алматы өңірлік гарнизонындағы әуе шабуылына қарсы бөлімшелердің кезекші күштері мен құралдары кенеттен тексерілді. Әуеде шабуылдаушы кеме ретінде түрлі әуеайлақтарынан авиация ұшақтары, соққы беретін және барлау ұшақсыз ұшу аппараттарымен күзетілетін нысандарға (шартты түрде) соққы жасады. Зениттік-зымыран бөлімшелерімен жіберілген соққы жіберген нысаналар дер кезінде анықталып, (шартты түрде) жойылды. Сонымен бірге тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою тапсырылды.

    «Армия халықаралық ойындары — 2020» сайысының Танк биатлоны жарысына қатысатын команданың дайындық барысы талқыланып, конкурсқа қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

    Күн тәртібіндегі мәселенің бірі ретінде Қарулы Күштерді мерзімді қызметке мамандарымен, оның ішінде әскери-техникалық мектептердің түлектерімен толықтыру мәселесі айтылды. Қорғаныс министрі әскери-техникалық мамандықтардың санын арттыру мақсатында Әскери-техникалық мектептерде даярлау бағдарламасын қайта қарастыруды тапсырды.

    Әскери медицина саласына қатысты қажетті орындар мен медициналық қызметкерлердің санын ескере отырып, Covid-19 және ЖРВИ таралу мүмкіндігіне әзірлікті қамтамасыз етуді тапсырды.

    Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаевтың айтуынша ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан мен Ақтау қалаларында санитарлық дәрігерлердің қосымша штаттық саны көбейтілген. ПТР-тестілеуінен өтудің жалпы жетіспеушілік жағдайында жеке меншік медициналық ұйымдарының зертханаларымен талдау жасау туралы келісімшарт жасау арқылы шешілді.

    Министр Ақмола өңірлік гарнизонын ПТР-зертханасымен қамтамасыз ету жұмысын жеделдетуді, барлық әскери қызметшілер мен қызметкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтауларына, Covid-19 індетін уақытылы анықтап, емдеу қажеттілігіне назар аударуды тапсырды.

    Қазіргі кезде жұмыс жасап тұрған госпитальдер мен лазареттерге қарасты қосымша инфекциялық бөлімшелер (бокстар) соғу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Маңғыстау облысында госпиталь тапшы екендігі айтылды.

    Аппараттық кеңес барысында әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелері де қарастырылды.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында жыл аяғына дейін 3 өндіріс орны іске қосылады

    Фариза

    Қызылордада облысында карантин режимі күшейтілді

    Фариза

    Наурызбай ауданындағы төтенше жағдайға қатысты Сағынтаев шұғыл жиналыс өткізді

    Пікір қалдыру

    15 + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.