5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов уәдесінде тұрып, инфрақұрылым мәселесін шешіп берді

    Әкім бол, халқыңа жақын бол. Шымкент қаласының әкімі халық алдында берген уәдесінде тұрды.
    Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары биыл толығымен ауыз су және электр
    жарығымен қамтамасыз етілетін болды. Ал, көгілдір отынның мәселесі келесі жылы толық
    шешімін таппақ. Шалғайдағы шағынаудандағы жүріп жатқан жұмыстар алдағы бейнематериалда.

    Қала әкімі Мұрат Әйтенов көктемде Бадамдықтармен жүздесіп түйткілді мәселенің түйіні
    тарқатылатынын айтқан болатын. Тіпті Мұрат Дүйсенбекұлы жыл соңына дейін қала аумағында
    тас төселмеген көше қалмайды, деп сөз берген еді. Қазір шаһар аумағындағы инфрақұрылым
    жұмысы қарқынды. Бадамдағы 195-орамның 300-ге жуық отбасы бұған дейін ауыз суды тасып
    ішіп, жекенің меншігіндегі қуат реттегіштен қымбат энергия жарығын алып келген. Өткен жылдың
    мамыр айында басталған сапалы жарық тарту жұмыстары, жыл соңында аяқталған. Қазіргі таңда
    кезең-кезеңмен үйлерді қосу жұмыстары жүргізілуде.

    Бұйыртса жақын күндері орам тұрғындары толығымен мемлекеттік жарыққа қол жеткізетін
    болады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында басталған тіршілік нәрін тарту
    жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жауапты мердігер компания нысанды қараша айында
    мерзімнен бұрын тапсырамыз,деп отыр. Ол үшін қазынадан 252 млн астам қаржы қаралған екен.

    Шалғайдағы шағынауданда көгілдір отынның мәселесі келесі жылы шешімін таппақ. Өтпелі
    құрылыстың биылға жоспарланған жұмыстары толығымен тәмәмдалыпты. Мердігер мекеме өкілі
    қаржы уақтылы бөлінсе , құрылысты мерзімен бұрын аяқтауға жұмыс күшіміз жеткілікті, дейді.
    Шағынауданда барлық инфрақұрылым жұмыстары аяқталса асфалть жол төселіп, қоғамдық көлік
    қатынайтын күн де алыс емес. Сондай-ақ, алдағы уақытта орамда мектеп пен балабақша
    салынатынын Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов тұрғындармен кездесу барысында
    айтып өткен болатын.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Қаратау ауданында 108 көше ге шаңал тас төселуде

    Фариза

    Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

    Фариза

    Қызылорда облысында 60 миллион түп сексеуіл және сая ағашы егіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.