-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Асқар Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты

    Премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің онлайн отырысында күзде туындауы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болуды, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыруды тапсырды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

    Аптаның қорытындысы бойынша инфекцияның репродуктивтік деңгейінің бірден төмен болуы Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында тіркелген.

    Сонымен қатар Қостанай мен Ақмола облыстарында инфекцияның репродуктивтік деңгейі бірден жоғары болуы анықталды. Мамин осы өңірлердің әкімдеріне эпидемияға қарсы шараларды күшейтуді тапсырды.

    «Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде санитарлық нормаларды, карантин талаптарын азаматтардың сақтау қажеттігі туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек», — деді үкімет басшысы.

    Премьер-министр қазіргі кезде әлемдік статистика 126 мемлекетте ауру жұқтырғандар санының жаңа өсімін көрсетіп отырғанын, осыған байланысты күзде пайда болуы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болу керегін, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыру қажеттігін атап айтты. Еске сала кетсек, бүгінгі үкіметтің онлайн отырысында Алексей Цой өткен тәулікте елімізде коронавирустан 33 адамның көз жұмғанын айтқан болатын.

    қатысты посттар

    Экс-президентті ұстау кезіндегі жантүршігерлік кадрлар (фото, видео 18+)

    «Бұл жұмысқа жемқорлықпен айналысу үшін келген жоқпын» — Мәнізоров қызметінен кетті

    «Ринат, сен өтірік айтпа! Халықты Храпуновпен алдама!» (видео)

    Пікір қалдыру

    2 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.